ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ҚОНАҚ ҮЙДЕН ӨРТ ШЫҚТЫ

17:21, 25 наурыз 2021

Тағы да өрт! Бүгін, яғни наурыздың 25-і күні сағат таңғы 9-дан 18 минут кеткенде 101 нөміріне Н.Назарбаев көшесі, 221 үйдің бірінші қабатындағы қонақ үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жылдам жеткен өрт сөндірушілер 30 адамды қауіпсіз жерге шығарды.

Өрт бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Рай» мейманхана-кешенінің саунасынан шыққан. Мамандар өрт сөндіру барысында ғимараттан 50 литрлік газ баллонын алып шықты. 

ДАНИЯР ӘЛІМКИН, ҚАЛАЛЫҚ №2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

«Өртті сөндіруге 29 маман мен 6 техника жұмылдырылды. Оқиға орнына жеткесін бірден тұрғындарды қаупсіз жерге эвакуацияладық. Шығарылған 30 адамның бесеуі – бала.  Тұрғындар зардап шеккен жоқ».

Өрт шыққан кезде Павел Рощупкин үйде болған. Өрт сөндірушілер оны да басқа тұрғындар сияқты қауіпсіз аумаққа шығарды.

ПАВЕЛ РОЩУПКИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Жұмысқа дайындалып жатқанмын. Бір кезде үйдегі жарық жыпылықтай бастады. Бірден үйдегі электр құрылғыларын сөндіріп тастадым. Сосын желдеткіштен түтін шығып, бөлмелерге тарады. Құтқарушылар келіп мені далаға шығарды. Өрттің  салдарынан үйдің төбесі, жиһаздар зақымданды»

Әзірге қызыл жалынның неден шыққаны және келген шығын мөлшері белгісіз. Алдын ала болжам бойынша отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...