ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ҚОСТАНАЙДАН ҚОНАҚҚА КЕЛГЕН ЖІГІТ СУҒА КЕТТІ

20:48, 31 мамыр 2021

29 мамыр күні Ғ.Мүсірепов атындағы ауданында Есіл өзененінде 1 адам суға кетті. 28 жастағы ер адам Қостанай облысының тумасы, солтүстік өңірге достарына отбасымен қонаққа келген екен. Жазғы шомылу маусымы басталмағанымен, облыста 3 адам қаза тапты. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

28 жастағы ер адам  суға рұқсат етілмеген жерде шомылған. Ол жардан өзенге секірген. Жағаға жүзіп келе жатып, иірімге тап болған. Оқыс оқиға 29 мамыр күні Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Урожайная ауылы маңында болды. 

КИРИЛЛ ИВАННИКОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

1993 Жылғы ер адам Қостанай облысының тумасы. Біздің өңірге достарына қонаққа келген. Ауыл тұрғындары мен жақындары бірден  құтқарушыларға хабарласып, 40 минуттың ішінде адамның денесі табылды.

Әкімдіктің қаулысына сәйкес 12 көлде, Есіл өзенінде орналасқан 58 орын ғана қауіпсіз шомылуға жарамды.  Соңғы 8 жылда облыста 189 адам суға кетті, оның 27-сі бала. Осы кезеңде 200-ден астам адам құтқарылған. Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Кирилл Иваннниковтың сөзінше, осы аралықта Алакөл және қалалық жағажайда қайғылы жағдайлар тіркелмепті.  

КИРИЛЛ ИВАННИКОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Кез-келген адам ғаламтор арқылы қай жерде суға шомылуға блады, қай жерде рұқсат етілмегені туралы іздеп көре алады. Барлық ақпарат сол жерде. Сондай-ақ, департамент суда адамдардың өліміне жол бермеу мақсатында күшейтілген алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатыр. ҚР әкімшілік кодексінің 364 бабына сәйкес, рұқсат етілмеген жерде суға шомылған азаматтарға ескерту жасалады, бір эылдың ішінде тағы бір мәрте заң бұзған уақытта 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады  

Дәстүрлі түрде СҚО аумағында 1 маусым күні жазғы шомылу маусымы ресми басталады.Сондай-ақ, халықаралық балаларды қорғау күніне орай  ТЖД мамандары  Алакөл жағажайында қауіпсіздік ережелерін өңір тұрғындары мен қонақтарына тағы бір мәрте еске салмақ.  

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:45, 12 қазан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...