ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР РЕЙДІ

13:03, 18 мамыр 2021

Өңірде соңғы күндері термометр 30 градустан артық ыстықты көрсетіп тұр. Суға түсу маусымы басталмаса да, жағажайларда демалушылардың қатары көбейген. Ал демалыс күндері аяқ алып жүргісіз. Осыған байланысты шаһар тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында ТЖД мамандары қала маңындағы Пестрое көліне рейдке шықты.  

Өткен жылы өңірде 9 адам суға кетті. Оның біреуі бала. ТЖД мамандарының айтуынша қайғылы жағдайлардың бәрі арнайы жарақтандырылмаған су айдындарында болған. Биыл облыста шомылуға 58 жағажай әзірленіп жатыр.

МАРАТ МҰРАТОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Соңғы 8 жылдың ішінде арнайы жабдықталған орындарда қайғылы жағдайлар болған емес. Өңір тұрғындары арасында рұқсат етілмеген жерде шомылатындардың қарасы қалың. Бүгінде біз судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында рейдті  «Jas Otan» жастар қанаты және полицейлермен бірігіп өткізіп жатырмыз. 

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

- Суға шомылу маусымы ресми түрде маусымның 1-і басталады. Дегенмен шаһар тұрғындары күннің күрт ысуына байланысты жаппай өзен-көлдерге келе бастаған. Ал бұл өз кезегінде адам өміріне қауіпті. Себебі су айтарлықтай жылына қоймаған дейді сала мамандары. 

Рейд барысында құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелерін таныстырып, арнайы жадынама таратты. 

Су әлі салқын екен. Енді жылынғанын күтеміз. Жалпы осындай рейдтің болғаны керек. Себебі, әлі күнге дейін қауіпсіздік ережелерін білмейтіндер немесе елемейтіндер өте көп.

Біз көлдің жағасында от жақпаймыз, алкокольдік ішімдік ішпейміз. Барынша қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға тырысамыз. 

Айта кетейік, қайғылы жағдайды болдырмау үшін облыстық ТЖД мамандары осындай рейд шараларын күнделікті ұйымдастырмақ.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН 15 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ
20:44, 28 қазан 2021
ПЕТРОПАВЛДА ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН 15 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...