ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

13:05, 4 тамыз 2021

Жаңалықтарға арналған материал дайындау барысында «Хабар» телеарнасының түсіру тобын «Достық молл» сауда ортылығының күзетшілері күштеп сыртқа шығарды. Телеарнаның өкілдері «Ашық» бағдарламасының жұмысын түсіргісі келген екен. Ғимарат күзетшілері болса журналистерге дөрекілік танытқан. Кикілжің соңы немен аяқталды? Арна тілшілерінің бейнематериалы.

Мына бейнежазбада сауда ортылығының күзетшілері түсіру тобынан түсірілімге рұқсат қағаздарын сұрап жатыр. Басында жайбарақат басталған әңгіме, әп-сәтте өзгеріп шыға келді.

Бірнеше күзетшінің ашуына іліккен «Хабар» телеарнасының телеоператоры Төлеген Имановтың сөзінше, ол тек өз жұмысын атқарған. Яғни, дөрекі қылық көретіп, текетіреске бармаудың жолын іздеген.

 ТӨЛЕГЕН ИМАНОВ, «ХАБАР» телеарнасының телеоператоры:

 Мен өз жұмысыммен айналысып жатқанда, бір ер адам келіп камераны жұлқыды. Камераңызды алыңыз деп дөрекі сөйледі. Ол қарапайым киінген, өзін таныстырмады. Сондықтан мен одан «Сіз кім боласыз» деп сұрадым. Камерамды басқа жақа алып, тағы түсіре бастадым. Бірақ, ол ер адам маған жақындап, күзетшілерге бізді далаға қуып шығуды тапсырды.

Ал, сауда орталығы өкілдерінің болған оқиғаға өз пікірі бар. Нысанның басқарушысы Рустам Әубәкіровтың айтуынша сауда орталығы бас санитар дәрігердің қаулысына сай жұмыс істейді. Тиісінше барлық келушілер «Ашық» қосымшасы арқылы кіреді.

РУСТАМ  ӘУБӘКІРОВ, САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

- Олар нысанға камерамен кіріп келді. Біз түсірілімді бастамай тұра тұруларын сұрадық. Өйткені мұндай сұрақтарды сауда орталығының әкімшілігімен келісу керек. Ал, олар күтпей түсірілімді бастап кетті. Әрі қарай өздеріңізге белгілі екі жақ та бір-біріне агрессия танытып, кикілжің туды. Біз өз қыметкерлерімізді ақтамаймыз. Олар дөрекілік танытқаны рас. Өйткені пандемия басталғалы күзетшілердің жұмысы қиындап кетті. Моральдық тұрғыдан оларға үлкен жүк артылып отыр. 

Болған оқиағадан кейін «Хабар» телеарнасының қызметкерлері құқық қорғау органдарына жүгінген. Бүгінде аталған оқиғаға қатысты журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру дерегі бойынша ҚР ҚК 158-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

НҰРБЕК БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Өз кезегінде сауда орталығының өкілдері де кәсіпкерлер палатасына шағымданды.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ГЕРМАНИЯНЫҢ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
20:35, 13 қыркүйек 2021
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ГЕРМАНИЯНЫҢ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:33, 13 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...