ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

МЕЙРАМХАНА ОТҚА ОРАНДЫ

20:42, 19 сәуір 2021

Cолтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 194 өрт тіркелді. Салдарынан 26 адам қаза тауып, 31 адам жарақат алған. Материалдық шығын- 86 миллион теңгеден асты. Бұл жайында облыстық ТЖД ұйымдастырған брифингіде белгілі болды.

Сәуірдің 16-ы, яғни өткен жұма күні сағат кешкі 6-дан 17 минут кеткенде «101» пультіне «Тбилиси» мейрамханасының шатырынан өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Мамандар оқиға болған жерге лезде жетіп,  бірден өрт сөндіруге кіріседі. Ғимараттан 9 мейрамхана қызметкері қауіпсіз жерге шығарылды. Абырой болғанда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

СЕРІК ШАҚАБАЕВ, «СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ» ММ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

«Өрттің салдарынан мейрамхананың шатыры толығымен жанып кетті. Тілсіз жау 280 шаршы метр аумақты шарпыды. Қызыл жалынмен күреске 15 техника, жеке құрамның 67 маманы жұмылдырылды. өрт шамамен 40 минуттан кейін сөндірілді.»

Жалпы жыл басынан 194 өрт тіркелді. 26 адам мерт болып, 31 адам түрлі деңгейде жарақат алды.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН,  СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТТІ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

«Көктем мен жаз мезгілінде өртке қауіпті кезеңі басталады. Сол себепті өңір тұрғындарын қураған шөпті, немесе отты жаққан кезде барынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Желді құрғақ, ыстық күні от жағуға қатаң тыйым салынған. Ережені орындамағандарға әкімшілік жаза бар.»

Жалпы өткен аптада облыс аумағында 8 өрт тіркелді. Оның 3-еуі Петропавлда болған..

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...