ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ СҚО ЖОЛДАРЫНДА 130 КӨЛІК ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ

20:40, 25 наурыз 2021

Солтүстік  Қазақстан облысында қар күні-түні  жауып, көліктер жолда қалып қойды. Наурыз мейрамы күндері төтенше жағдай департаменті құтқару жұмыстарын жүргізді. Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 120 жеңіл көлік, 9 ауыр жүк машинасы және 2 автобус қар құрсауында қалды. Сюжетке назар аударайық.

Өткен демалыс күндері өңірде 5 дауылды ескерту жарияланды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық  мағынасы бар 4  және 10 облыстық  автожол жабық болды.  Ал, өңір жолдарында қар құрсауынан 130-ға жуық көлік шығарылды.  Абырой болғанда зардап шеккендер  жоқ. 330 адам құтқарылып, 26-сы эвакуацияланды.  ТЖД  наурыз мейрамы күндері 3 авариялық-құтқару жұмыстарын  жүргізді. Айта кетейік,  жыл басынан  40 рет барлық бағыттағы жолдар жабылды.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

- «Демалыс күндері  3 авариялық құтқару жұмыстары жүргізілді.  Солардың бірі, Айыртау ауданы Лавровка елдімекенінің маңында болды. Петропавл-Саумалкөл бағытындағы жолаушылар автобусы қар құрсауында қалып қойды. 15 адамды  эвакуациялау үшін «КАМАЗ» көлігі жіберілді.  Жолаушылар Саумалкөл ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді »

Жыл басынан бері облыста 166 өрт тіркеліп, 24 адам қаза тапты. Басты себеп - отты абайсыз қолдану, сондай-ақ пештерді, көпқабатты үйлерде газ баллондарын  дұрыс пайдаланбаудан шығып жатады. Өткен аптада өңірде 7 өрт оқиғасы тіркелген.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...