ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА ЕКІ ЖОЛДЫ СУ ШАЙЫП КЕТТІ

20:40, 9 сәуір 2021

Облыста 2 тас жолды еріген қардың суы шайып кетті. Құтқарушыларға бір күнде тұрғындардан көмек сұраған 19 өтініш түскен. Қызыл су тұрғындардың үйлеріне жеткен. Төтенше жағдай департаменті өкілдерінің сөзінше жағдай бақылауда, Құтқарушылар наурыздың 25-нен бері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Есіл ауданында облыстық маңызы бар «Покровка-Корнеевка-Горное» автожолының Горное елдімекені маңындағы учаскесін еріген қардың суы шайып кетті. Мамандардың айтуынша, жолдың үстінен өткен судың тереңдігі 5 см, ал  ұзындығы 30 метрге жеткен. Бүгін таңертең су ағыны азайып, су алған учаске 10 метрге қысқарды.

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгінгі таңда шал ақын ауданында Республикалық маңызы бар автожолдың 40 шақырымында еріген қар суының салдарынан жол төсемі арқылы су өтті. Осылайша жол учаскесінің 45 метрін су шайып кеткен, тереңдігі 15 смді құрайды. Бірақ екі учаскеде де жол жабылған жоқ. Жол бар.

Айыртау ауданындағы Змейка өзенінің суы тасып, елдімекен ішіндегі жолды шайып кеткен. Ал Гусаковкада ауылдың төменгі жағында орналасқан жылыжай су астында қалды.

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Кеше бірнеше ауданның тұрғындарынан 19 өтініш келіп түсті. Көшелерде қар еріп, кей жерлерде су үйлерге жетті. Мотопомпалар, экскаваторлар жұмысын тоқтатқан жоқ және бүгінгі күні тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ.

Сәуірдің 9-ы мен 11-і  аралығында аймақта қар қарқынды еріп, жаңбыр жауады. Салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтеріледі. Мұнымен қоса, алдағы уақытта ауа температурасы +10,+15 градусқа дейін жетеді деп болжанған.

Майгүл Сейілбек

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...