ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА ӨНДІРІСТЕ 43 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

20:40, 30 маусым 2022

Былтыр облыста 43 адам өндірістік жарақат алса, оның 11-і қаза тапты. Ұлттық статистика бюросының облыс бойынша департаментінің мәліметінше, былтыр жалпы зардап шеккендердің 25,6 %-ы, қаза тапқандардың 9 %-ы - әйелдер.

 2020 жылмен салыстырғанда өндіріс орнында жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны 14 %-ға азайды. Өткен жылы барлық зардап шеккендердің 65,1 %-ы – жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдарда, 32,6 %-ы – мемлекеттік және 2,3 %-ы – басқа мемлекеттердің меншігіндегі кәсіпорындарда жұмыс істеген. Өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің әрбір екіншісі - біліктілігі жоқ жұмысшы, зардап шеккендердің ең көбі, 12 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек еткен. Өндірісте болған жазатайым оқиғалар бойынша былтыр 17,7 млн теңгенің материалдық төлемі жасалды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар