ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН 594 ӨРТ ТІРКЕЛДІ

17:17, 26 қазан 2021

Өткен жылмен салыстырғанда өрт саны биыл 9 пайызға артып отыр. 594 өрт оқиғасы тіркелген. 41 адам тілсіз жаудан көз жұмса, 37 тұрғын жарақаттанды. ТЖД мәліметінше, 9 айдың ішінде келтірілген материалдық шығын 215 млн тг асады. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Соңғы аптада облыс аумағында 10 өрт болды.  Петропавлдан бөлек, Айыртау, Тайынша, М.Жұмабаев, Есіл, Жамбыл және Мамлют аудандарында да оқыс оқиғалар тіркелді. Жалпы облыста болатын өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторына тиесілі. Биыл болған 594 өрттің 425-і жеке тұрғын үйлерде тіркелген.  Сондықтан, мамандар үй-жайларда өртті анықтайтын дабыл қондырғыларын орнатуға кеңес береді.

ОЛЖАС ЖҮНІС, СҚО ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ» ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Бұны әрбір адам өзі орнатуға болады. Және оны интренет арқылы сатып алуға болады. Орнату оңай. Датчик пеш тұрған бөлмеде тұрады. Түтін шығатын болса, жұмысын атқарады.

2019 жылдан бастап өңірде 1364 қондырғы орнатылған. Оның арқасында екі отбасы ажалдан аман қалған. Сондай-ақ, баспасөз брифингіде Мамлют ауданы бойынша ТЖ бөлімінің басшысы 9 айды қорытындылады. Жыл басынан ауданда 18 өрт болған.  

АМИР БЕКЧЕНТАЕВ, МАМЛЮТ АУДАНЫ БОЙЫНША ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Өткен жылмен салыстырған өрттің саны 14 пайызға азайды. Тынымсыз еңбегіміздің, өрттің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жиі өткізгеннің арқасында осындай көрсеткішке жетіп отырмыз деп есептеймін. 18 өрттің көбі жеке тұрғын үй секторында болды. Ауылдардағы баспаналар 70-80-ші жылдары салынған. Үй иелеріне электр сымдарын ауысыру қажет екендігі қаншама айтылғанымен, елемейтіндер бар. Сондықтан көп жағдайда сымдарының тұйықталуынан өрт шығып жатады.

Өрттің шығуына көп жағдайда адамдардың немқұрайлығы себеп. Мәселелен, жыл басынан Мамлют ауданында  1 адам мерт болды.  От темекі тұқылынан тараған .

Жанбота Естайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...