ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 337 ӨРТ ТІРКЕЛГЕН

17:22, 14 маусым 2022

Жыл басынан бері облыста 337 өрт тіркелді. Бір адам суға кетті. Құтқарушылар кезекті брифингте өңірдегі өрт жағдайлары және су айдындарындағы қауіпсіздік туралы айтып берді.

Отты абайсыз қолдану, қураған ағашты өртеу, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін факторлар өте көп.Жыл басынан бері облыста 337 өрт тіркелді. Материалдық шығын 267 млн теңгені құрады.Айта кетейік, өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторына тиесілі.

АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

 Өрттен 28 адам қаза тапты. Улы газбен 13 адам уланды. Оның ішінде 4 - бала. Өрттің 77% - ы тұрғын үй секторына тиесілі екенін атап өткен жөн.

 Айта кету керек, өңірде дала өрті де көбейген. Бүгінге дейін 24 орман өрті тіркелген.

АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: 

- Өрттердің көпшілігі М.Жұмабаев ауданында тіркелген.Аққайың, Мамлют, Айыртау аудандарында өсім бар.

 Өңірде суға шомылу маусымы басталғанымен, әзірге суға түсуге ауа райы мүмкіндік бермей тұр. Мамандардың айтуынша, аптаның соңына қарай ыстық күндер басталады. Сондықтан суға шомыларда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн.

 

Алдияр Жылкайдаров

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар