ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ 28 ОРМАН ӨРТІ ТІРКЕЛГЕН

20:32, 19 шілде 2022

Жыл басталғалы өңірде 385 өрт оқиғасы тіркеліпті. Қызыл жалын 284 млн теңге шығын келтіріп,  30 солтүстікқазақстандықтың өмірін жалмаған. Бүгіндері ормандарды да от жиі шарпитын болған.  2022 жылы сондай 28 оқиға тіркелген. Олардың көбі М.Жұмабаев ауданында орын алыпты.

Мамандар, тоғайларда болатын өрттерге тұрғындардың салғырттығы  себеп дейді. Қазір облысымызда қысқа дайындық қызу жүріп жатыр. Адамдар жем-шөп әзірлеуге білек сыбана кірісіп кеткен. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің сөзінше, осы кезеңде де, қауіпсіздік ережелері еш ескерілмейтін көрінеді.   

АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Жазғы уақытта көбіне тұрғындар шөп дайындағанда оларды үй, қора маңына үйеді.  Ол дұрыс емес. Мал азығы кез келген нысаннан 50 метр, ал электр желілерінен 15метр ден астам жерде орналасуы керек. Өйткені, кейде мұржадан шыққан ұшқын алапат өртке алып келуі мүмкін. Осындай қарапайым ережелерді сақтамағандарға айыппұл салынатын болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар