ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ЖЫЛ БАСЫНАН 3 АДАМ СУҒА КЕТТІ

17:17, 22 шілде 2022

Өңірге аптап ыстық келгелі тұрғындардың көпшілігі демалысты өзен-көлдің жағасында өткізіп жатыр. Алайда, бәрі бірдей қауіпсіздік ережелерін сақтай берейді екен. Жалпы суға шомылу маусымы басталғалы бері 3 адам суға кеткен. Соның 1-і бала.

Қазіргі таңда облыс аумағында 60 өзен мен 2 мыңнан астам көл бар. Соның 58-інде ғана шомылуға арнайы орын жарақтандырылған. Тұрғындар рұқсат етілмеген жерлерге де барып суға түседі. Салдарынан өңірде соңғы 10 жылда суға шомылуға тиым салынған жерлерде 214 адамның соның ішінде 34 баланың ажалы судан келген.

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Суға шомылу маусымы басталғалы бері құтқарушылар полиция қызметкерлерімен және волонтерлермен бірлесе отыра 6мыңға жуық рейдтік іс-шара өткізді. Оның барысында рұқсат етілмеген орында суға шомылған жерлестеріміз анықталды. Оларға қатысты 364-ші бапқа сәйкес 437 әкімшілік хаттама, 440-шы бап бойынша 309 хаттама толтырылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар