ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ОРМАНДАРДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

17:19, 25 маусым 2021

Облыста өртке қауіпті маусым басталғаннан бері жалпы ауданы 34,3 гектар болатын 16 орман өрті тіркелген, шығын 3,2 млн.теңгені құрады. Орманшылар 117 өртті сөндіоген.

Биыл ақпан айында орман өрттерінің алдын алу бойынша облыс әкімдігінің қаулысы қабылданды. «Өзара іс - қимыл жоспары», «күш пен құралдарды есептеу», «өрттердің алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленіп, бекітілді. 16 орман өртін сөндіру станциясы, 27 өрт сөндіру автокөлігі, 73 трактор және 765 радиостанция дайындалды. Өңірде 14 интерактивті бейнебақылау кешені жұмыс істейді.

ОРАЛ ӘБДІРАХМАНОВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

  •  Өрттердің негізгі себептері - халықтың отты абайсыз пайдалануы; құрғақ өсімдіктерді күйдіру, қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды жағу бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады. Алдын алу іс-шараларын өткізу мақсатында, 47 мобильді топ құрылды, олар 448-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейдтік іс-шаралар барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 94 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір адамға 65 мың теңге шамасында айыппұл салынды.

ВАСИЛИЙ ЛАБАНЧУК, СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

  •  Орман өрттерінің біреуі адамдардың кінәсінен, бесеуі  ауыл шаруашылығында шөп өртеуден, екеуі жай түсуден, сегізі белгісіз себептерден шыққан.

Синоптиктердің мәліметінше, шілде айында облыста орташа температура + 19 +20 градус болмақ, жаңбыр жауып, жел тұрады.

ГҮЛЗӘТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚФ МЕТЕОЖАҒДАЙ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

  •  Шілде айында әр онкүндікте Атлант және Қара теңіз аудандарынан суық және ылғалды ауа массаларының басып кіруі нәтижесінде суықтың қысқа мерзімді толқындары күтіледі. Облыс бойынша жауын-шашын, екпінді жел және ауа температурасының түнде +7+12°С, күндіз +17+23°С дейін төмендеуі болжануда. Кей күндері Иран мен Орта Азия аудандарынан ыстық тропикалық ауанының шығу салдарынан ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы күтіледі термометрлер бағандары түнде +15+20°С дейін, күндіз +30+32°С белгісіне дейін көтеріледі.

Облыстық орман қорының жалпы ауданы 550 мың гектар. Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 575 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:45, 12 қазан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...