ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ӨРТКЕ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ

13:04, 20 сәуір 2021

Күн жылына сенбіліктер өткізіліп, жиналған қоқыстарды өртеу фактілері  жиілей түседі. Әсіресе жеке сектор тұрғындары мен саяжай иелері мұндай қадамға көп барады. Сондықтан төтенше жағдай департаментінің мамандары  өрт қауіпсізідігіне байланысты рейдтерін бастап кетті. Олар осы жолы Заречный ауданының тұрғындарымен кездесіп,парақшалар таратты. 

Андрей Егоров Заречный кентінің тұрғыны. Ол үйдің ауласын тазартып, жиналған қоқысты өртеу кезінде  қауіпсіздік шараларына  баса назар аударады. Саяжай учаскесіндегі  құрғақ шөпті, қоқыстың қалдықтарына от қойғанда, алысқа ұзамай  өз бақылауында ұстайды.

АЛЕКСЕЙ ЕГОРОВ, ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Отты жағып, оны бақылауға алмаса, ол өршіп жайылып кетуі мүмкін. Өзің ғана зардап шекпей, көршілерге де зиян келтіруің мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері алдын ала ескертіп, рейд өткізгендерін қолдаймын.

Мамандардың  айтуынша, өрт көктемде көбіне жеке сектор мен саяжайлардан шығады.  Қураған шөпті жаққан кезде абай болу керек. Үйден 50 метр алыста өртеген жөн.

ДАНИЭЛЬ САРКИСЯН  ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА-ИНЖЕНЕРІ:

- Былтыр үй маңындағы құрғақ шөпті өртеуден көптеген өрт шықты. Лаулаған жалынның көрші аулаға кіру жағдайы тіркелді. Сол себепті тұрғындарды отты  абайлап қолдануға кеңес береміз.

Жалпы жыл басынан өңірде 194 өрт тіркелді. 26 адам мерт болып, 31 адам жарақат алды.

Баян Қасым

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...