ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

ӨРТТЕ БАСПАНАСЫ ЖАНЫП КЕТТІ

17:29, 3 наурыз 2021

Жыл басынан өңірде 138 өрт тіркелді. Салдарынан 20-дан астам адам көз жұмды. Наурыздың бірі жұмысшы кентінде жеке тұрғын үйден өрт шығып, қарт әйел мерт болды, отбасының қалған мүшелері баспанасыз қалды. Аязды күнде марқұмның қызы, немерелері мен 3 жасар шөбересі далада қалды.

Петропавл қаласының тұрғындары Раздорских отбасы бір сәтте үйі мен мүлкінен айырылып қалды. Ең басты қайғы – өртте сол үйдегі кейуана көз жұмды. Марқұмның немересі Иванның сөзінше, сол түні зейнеткер өзі жүре алмағандықтан айғайлап бала-шағасын оятқан.

ИВАН РАЗДОРСКИЙ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Әжемнің айқайлаған дауысын ести салысымен бірден терезелерді ашып, шығуға тырыстым. Алайда, басым айналып, есімді жоғалттым. Соған қарамастан сыртқа әрең дегенде шығып, үстімдегі киімімнің жанып жатқанын байқадым. Бірнеше уақыттан соң өрт сөндірушілер келіп, көмек көрсетті.

Бүгінгі күні отбасы қиын жағдайда. Жанып кеткен үйді қалпына келтіру мүмкін болмай отыр. Сол себепті, Раздорскилер мейірімді жандарды паналауға мәжбүр.

ЕКАТЕРИНА РАЗДОРСКАЯ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Бәрі жанып кетті. Сау қалған дүние жоқ. Біз осындай жағдайға тап боламыз деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Тілсіз жаудан әжемізді аман сақтап қала алмадық.

Жаңа үй салу үшін қолайлы ауа-райы мен құрылыс материалдары қажет. Әзірге зардап шеккендерде мұның ешқайсысы жоқ. Отбасы кез-келген көмек зәру. Жалпы соңғы екі айдын ішінде облыста 138 үй өртке оранған.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

- Көбіне өрт тұрғын үй секторларында шығады. Оған басты себеп отты дұрыс пайдаланбау немесе қаупсіздік техникасын бұзу. Көз жұмған 21 адам жер үйде тұрған.

Қазіргі таңда Раздорский отбасы көмекке зәру. Олар жерлестерінің далада қалдырмай, қол созатынына сенім білдіреді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...