ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ӨРТТЕН ЕР АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

20:38, 21 маусым 2021

Маусымның 20-ы таңғы сағат 9:03-те Борки кентіндегі Зеленая 9 мекен-жайы бойынша орналасқан үйден өрттің шыққаны туралы хабар келіп түскен. 7 минуттан соң оқиға орнына жеткен № 2-ші мамандандырылған  өрт сөндіру және  № 3-ші өрт сөндіру бөлімінің 20-ға жуық маманы терезеден қатты түтінді байқаған.

Оқиға салдарынан екі бөлмелі жер үйдің иесі 1964-ші жылы туған ер адам иіске уланып қаза тапты. Алдын-ала болжам бойынша ер адам спирттік ішімдік ішіп алып, темекі шегеді.  Өрттің шығуына темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.  Шоқ диванға тиіп, кейін еден де қызыл жалынға оранған.

ЖАНАТ ЖҰМАЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТЖБ БАС МАМАНЫ:

- Өрт салдарынан үйдің мүлкі, ішкі жағы яғни еден мен шатыр күйді. Қызыл жалынның жалпы ауданы 5 шаршы метрді құрайды. Мамандарымыз анықтағандай қайтқан ер адам әйелімен ажырасып, бала-шағасынан бөлек бұл үйде жалғыз тұрған. Жалпы жыл басынан бері Петропавл қаласында 106 өрт тіркелді. 32 адам мерт болды, солардың қатарында 2 бала бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:45, 12 қазан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...