ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ӨТКЕН АПТАДА ӨРТТЕН 3 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

20:35, 9 наурыз 2021

Ъ

Өткен аптада облыс аумағында 15 өрт тіркеліп, оның салдарынан 3 адам көз жұмды. Сонымен қатар, өңірде боран болуына байланысты республикалық маңызы бар7 жол жабық. Жалпы наурыздың 5 мен 9-ы аралығында қар құрсауынан 184 жерлесіміз құтқарылды. Төтенше жағдай департаментінің мамандары ауа райының қолайсыздығына байланысты алдағы күндері алыс жолға шықпауға шақырады.

Өткен аптада облыс аумағында 15 өрт тіркелді. Өкінішке орай 3 адам көз жұмды. Наурыздың 5-і кешкі сағат 18:33-те 101 нөміріне Аққайың ауданының Ленинское ауылында үй жалынға оранды деген хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 1980 жылы туған ер адамның мәйітін тапты.  Марқұмның әйелі бұл кезде үйінде болмаған. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша газ плита үстінде тамақ  күйіп,  өрт шыққан және үй иесі иістен уланып қайтыс болды. Өрт  Қызылжар ауданында да тіркелді. Мамандар оқиға орнына жеткенше газ баллоны жарылды.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

- Қызылжар ауданының Надежка ауылында үй өртеніп жатқаны туралы хабар наурыздың 7-і сағат 16:19да келіп түсті. Оқиға орнына бірден №13 өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы шықты. Алайда екі арадаға жол 45 шақырымды құрағандықтан сонымен қатар ауа-райының қолайсыз болу себебінен ол жаққа жету үшін мамандарымыз 1 сағаттай уақыттарын жоғалтты. Құтқарушылар жеткенше газ баллоны жарылып, үй толығымен және қасында тұрған көлік тұтас жанып кеткен. Үй иесі 1984 жылы туған ер адамның қолдары күйіп қалды. Алдын-ала болжам бойынша ол спирттік ішімдік ішіп, темекі шегіп, оны сөндірмеген.

Төтенше жағдай департаменті өкілдерінің сөзінше, Қызылжар ауданы Надежка ауылында өртенген үйге мамандар жолды қар басқандықтан уақтылы жете алмаған.

АХМЕТХАН ТОБЫЛБАЕВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ МАМАНЫ:

- Осыдан бір күн бұрын болған боранның салдарынан жолдарды қар алып қалды. Сол себепті біздің қызметкерлеріміз алыс-шалғай ауылдарда тазалау жұмыстарын жүргізіп үлгермеген.

Құтқарушылар алдағы күндері де қолайсыз ауа райының сақталатынын айтады. Жалпы 3 мерекелік демалыс күннің ішінде қар құрсауынан 184 жерлесіміз құтқарылды. Мамандардың сөзінше солтүстікқазақстандықтардың көбі алыс жолға шығып батып қалған немесе медициналық көмек қажет болып аудандық ауруханаларға жете алмағандар.

РҮСТЕМ ЖҰМАҒАЛИЕВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

- Толассыз жауған жауын-шашынның  және ұйытқыған желдің салдарынан техника мен мамандар қарды тазалап үлгермей жатыр. Осы ретте тұрғындарды алыс жолға шығарда абай болуға шақырамыз. Мүмкіндік болып жатса сапарлардан уақытша бас тартқан жөн.

Жалпы жыл басынан өңірде 145 өрт тіркелді. Оның салдарынан 22 адам көз жұмды. Облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары жеке секторларда тұратын тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...