ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІ МЕН ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

13:05, 29 маусым 2021

Қазақстан мен Ресей өңіраралық және шекара маңындағы байланысты нығайтып, өткізу бекеттерінің жұмысын жетілдіруге мүдделі. Бұл туралы Парламент Сенаты мен Ресей Федералды Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның  отырысында айтылды. Қазіргі таңда екі ел шекарасында 30 өткізу бекеті жұмыс істейді. Қазақстан тарапы жүктеме мен өткізу қабілетін ескеріп, 27 бекетті қайта жаңғыртуға ниетті. Бұл азаматтар мен бизнес өкілдері үшін тиімді болады. Отырыста трансшекаралық өзендердің экологиялық мәселелері де көтерілді.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Қос елдің бірлескен күші арқылы оң шешілетін проблемалар бар. Бірінші кезекте, Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі. Қазір өңірдегі экологиялық жағдай нашарлап кеткені белгілі. Аталған өзеннің стратегиялық маңызы зор. Ауыл шаруашылығының дамуы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету осы Жайықытң  жағдайына тікелей байланысты».

В. МАТВИЕНКО: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ТОЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫ

Өз кезегінде Валентина Матвиенко көршілес елдер арасындағы ынтымақтастықтың жылдан жылға нығайып келе жатқанына тоқталды.  30 жыл ішінде Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде толық қалыптасқанын атап өтті. Осы уақыт аралығында 400-ден астам шарттар мен келісімге қол қойылды, - деді.

ВАЛЕНТИНА МАТВИЕНКО, РФ ФЕДЕРАЛДЫ ЖИЫНЫ ФЕДЕРАЛДЫ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Бұл жұмыстарға Парламенттеріміз үлкен үлес қосты. Құжаттардың басты бағыттары мемлекеттілікті, тәуелсіздікті, елдеріміздің аумақтық тұтастығын өзара мойындауда және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауда көрініс табады. Бұл ешқандай саяси жағдайға қарамастан өзгеріске ұшырамайтын ең негізгі іргетас болып қала береді».

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН 15 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ
20:44, 28 қазан 2021
ПЕТРОПАВЛДА ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН 15 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...