ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕГІ РЕЙД

20:44, 1 шілде 2021

Шомылу маусымы басталысымен СҚО-да 8 адам суға батып кеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында ТЖД-і полиция департаментінің өкілдерімен және еріктілермен шомылуға тыйым салынған жерлерде рейд өткізіп жатыр.

ТЖД-імен, полиция департаментінің өкілімен, және еріктілермен бірге шомылуға тыйым салынған черное көліне аттандық. Мұндағы тұрғындар құтқарушылар мен полицейдің жасаған ескертпесіне қарамастан, ашуға ерік беріп, көлден шығуға асықпады. Айтуларынша олар бұл жерде жыл сайын шомылады. Және бір де бір шомылуға тыйым салынған белгіні көрмеген. Ал ТЖД-нің маманы Кирил Иванников аталған жерде бірнеше рет белгі орнатқандарын, және ол белгіні тұрғындардың өздері алып тастай беретінін айтады.

Вороний остров демалыс орын аумағындағы Есіл өзенінің бойында шомылуға тыйым салынғанына қарамастан, тұрғындар суға түсіп жүр. Оларға полиция өкілі мен ТЖД маманы ескертпе жасап, еріктілер жадынамалар таратты. Соңғы сегіз жыл ішінде шомылуға рұқсат етілген жерлерде қайғылы оқиға тіркелмеген. Сол себепті мамандар тұрғындардан оқыс оқиғаның алдын алу үшін шомылуға тыйым салынған жерде суға түспеулерін сұрайды.

КИРИЛЛ ИВАННИКОВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- «Шомылу маусымы басталысымен 8 адам суға батып қайтыс болды. Оның үшеуі бала. Департамент қызметкерлері күн сайын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ескерту ақпараттық сипатындағы бейнероликтер таратуда. Біздің облыс аумағында 12 көл мен Есіл өзенінде орналасқан 58 ресми бұқаралық демалыс орны тіркелгенін есте сақтау қажет. Петропавл қаласында екі ресми демалыс орны бар, ол Есіл өзеніндегі қалалық жағажай мен пестрое көлі.»

Шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, ережені бұзғандар үшін әкімшілік кодекстің 364-ші бабы қарастырылған. Бұл баптың санкциясна сәйкес алдымен ескертпе жасалады, егер бір жыл ішінде адам ережені қайта бұзса, онда үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Өткен жылы 4 адам суға батса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге өскен. Сол себепті мамыр айының ортасынан бастап 1200 рейд  жүргізіліп, 25 мыңнан астам ақпараттық жадынамалар таратылған.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН 15 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ
20:44, 28 қазан 2021
ПЕТРОПАВЛДА ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН 15 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...