ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ӨЗЕНГЕ БАТҚАН КӨЛІКТЕН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

17:20, 23 сәуір 2021

Құтқарушылар Қызылжар ауданы Қызыл Яр ауылының маңында Есіл өзеніне  көлікпен суға кеткен ер адамның денесін алып шықты. Мерт болған азамат 39 жастағы Петропавл қаласының тумасы.

Әлеуметтік желіде суға кеткен автокөлікті трактордың көмегімен шығарып жатқан  видео тарады.  Оқиға Қызылжар ауданының Красный Яр ауылына жақын жерде Есіл өзенінде болған. Жеңіл көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды.

СӘКЕН  АҒЗАМОВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

22 сәуір күні шамамен сағат түңгі 2:30-да Есіл өзеніне автокөлік батып кеткен. Оның ішінде екі адам болған. Жүргізуші мен жолаушы. Олар спирттік ішімдік ішкен. Ұйықтап кеткен. Өзенге жақын тұрған көлік сырғанып, суға кеткен. Көлік жүргізушісі шығып үлгерді, ал жолаушы мерт болды.

Хабар түсісімен-ақ оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқару тобы жіберілді. Сүңгуірлер сағат таңғы 6.00-ден іздеу операциясын бастады. Тек сағат 11.00 шамасында ғана автокөлік жағалаудан 30 метр жерден табылды. Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, полиция қызметкерлерінің қатысуымен көлік судан шығарылды. көліктің ішінен 1982 жылғы жолаушының мәйіті табылды.

 ПЁТР КЛИМОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

  • Есіл өзеніне батқан Toyota Surf көлігінен Петропавл тұрғыны денесінің табылуына байланысты Қызылжар ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Айта кетейік, 20-шы сәуірден 20-шы мамырға дейін Есіл өзенінде балық аулауға тыйым салынған. Мұндай шектеулер балықтың уылдырық шашуына байланысты енгізілді. Сондай-ақ, балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 29 мың теңгеден 58 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

Индира АХАТҚЫЗЫ 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...