ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ЕКІ ҚАБАТТЫ ҒИМАРАТ ӨРТЕНДІ

17:20, 23 шілде 2021

Кеше түнде Петропавлда Амангелді көшесі, 148 мекенжайы бойынша орналасқан екі қабатты ғимарат өртенді. Бұрынғы «Елім-ай» мейманханасы, қазіргі саунадағы өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 17 техникасы мен 87 маманы жұмылдырылды. Құтқарушылар 5 сағатта әрең ауыздықтаған өрттің салдары қандай? От неден шыққан, зардап шеккендер бар ма? Тілшіміз анықтап көрді.

Мамандардың сөзінше, Петропавлдағы екі қабатты ғимараттан өрт шыққандығы жөнінде хабар 101 нөмірне 23 шілде сағат 00.53-те түскен.

ОРАЛ ӘБДІРАХМАНОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Аталған мекен-жай бойынша біздің бөлімнің жеке құрам мен техника жіберілді. Аталған өртке жоғары нөмір жарияланып, барлық гарнизонның жеке құрамдары мен техникалары жіберілді. Өртті сөндіру біраз машақат туғызды, өйткені ғимаратқа кріу қиын болды. Аталған ғимарттың бірінші қабатында қонақ үй, қазіргі таңда Елім-ай саунасы. Ал, екінші қабатында кеңсе кабинеттері орналасқан. Өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыған.

Ғимараттың шатырының бір бөлігі, ішкі қабырғалары мен екінші қабаттағы жиһаз бен тұрмыстық техника жанып кетті. Жарақат алғандар, қаза тапқандар жоқ.

ОРАЛ ӘБДІРАХМАНОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазіргі таңда біздің зертқана қызметкерлері өрттің шығу себебін анықтауда. Алдына ала мәлімет бойынша апат сымдардың қысқа тұйықталуынан болған. Өрт салдарынан материалдық шығын анықталуда.

Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖД 87 маманы мен 17 техникасы жұмылдырылып, өрт таңғы 5-тер шамасында толығымен сөндірілді. Жалпы облыста жыл басынан 400-ден астам өрт тіркеліп, 36 адам қаза тапты.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:45, 12 қазан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...