ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ӨРТТЕН ЕКІ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

17:23, 8 шілде 2021

Петропавлда Фурмонов көшесінде 73 мекенжайындағы екі пәтерлі үйдің біреуі  отқа оранып екі адам қаза тапты. Абырой болғанда өртенген үйден кәмелетке толмаған екі бала өрт сөндірушілер жеткенше өздері шығып үлгерген. Төтеншеліктердің болжамынша от төсекке түскен темекі тұқылынан шығуы мүмкін. Тақырыпты толығырақ оқиға орнында болып қайтқан әріптесім тарқатады.

Жұмысшы кентіндегі Фурмонов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабар төтенше жағдайлар департаменті пультіне таңғы сағат 8:59 түскен. 2 минутта жеткен өрт сөндірушілер оқиға орнынан  1944 жылы туған ер адам мен 1985 жылы туған әйел адамның денесін табады.  Құтқарушылар  жеткенше 2007,2006 жылы туған балалар  үйден өздігінен шығып үлгерген.

ӘЗІМХАН МЕРГАСИМОВ, СҚО ТЖД ТЖБ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- «Көршілерінің айтуынша таңғы сағат 6-лар шамасында аталмыш үйдің тұрғындары күйіп жатқан құс төсек пен корпені сөндірмек болған. Алайда толықтай сөндірмей үйлерінің кіре берісіне қоя салған болар. Өйткені өрт дәл осы верандадан шыққан. Анықталғандай қайтыс болған  1944 жылы туған ер азамат өздігінен жүре алмайтын, төсекте темекі шеккен. Бір айта кетерлігі бұл үйде өрт бірінші рет шығып отырған жоқ, бұған дейін де 2015 жылы төбесі күйген болатын.»

Қызыл жалын жапсарлас орналасқан екінші пәтердің төбесін де шарпыған. Аталмыш үйдің иелері өртенген үйді тезірек бұзып әкетсе екен дейді. Тағы өрт шығып кетсе тіптен үйсіз қаламыз деп дабыл қағуда

ГҮЛМАУҒИЗА ЖАНМҰХАМБЕТОВА:

- «Мынаны шығармаса болмайды ертең барлығы күйіп кетеді. Сәпсем үйсіз қалады. Бұларға кім үй алып береді ешкімде әпере алмайды. Інімнің өзі инвалид. 6 адам тұрған енді далада қалды. Баратын жерлері жоқ. Менің үйімде бір он күн тұрар, сіңлімнің үйінде он күн тұрар бәрі бір жерде бытырап тұра алмайды ғой. Қазір барлық нәрсесін құдасының үйіне қояды одан басқа выход жоқ.»

Қазіргі таңда өрттің шығу салдары мен материалдық шығын көлемі анықталуда. Жалпы жыл басынан Петропавл қаласында тұрғын үйлерде 109 өрт шығып, салдарынан 11 адам қаза тауып, 19 адам жарақаттанған. Оның 3-і бала. 14 млн теңге шығын келді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:45, 12 қазан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...