ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН 15 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

20:42, 28 қазан 2021

Бүгін, яғни, қазанның 28-і күні Петропавлдағы Чайковский көшесі, 13 мекенжайындағы көп қабатты үйдің 3-ші  және 4-ші қабатының балконынан өрт шықты. Оқыс оқиға жайында хабарлама 101 телефонына түскі сағат 2-ден 6 минут кеткенде келіп түскен. 

Оқиға орнына лезде жеткен құтқарушылар балконнан ішімдікке тойып алған ер адамды құтқарып алды.  Сондай-ақ, өрт шыққан подъезден 15 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Оның 4-еуі бала. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру үшін 6 техника мен 25 адам жұмылдырылған. Қызыл жалын 20 минуттың ішінде толығымен ауыздықталды

ЕРНАР РҮСТЕМ, ҚАЛАЛЫҚ № 3 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өрт үйдің 3 қабатының балконынан шығып, үстіңгі қабаттың балконына ауысқан. Оқиға орнына жеткеннен кейін  1970 жылы туған ер адамды құтқарып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірдік. Абырой болғанда, адам шығыны тіркелген жоқ. Алдын-ала болжам бойынша тілсіз жау сөндірілмеген темекі тұқылынан шығуы мүмкін.   

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...