ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДЫҢ ҮШ АУДАНЫН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР

17:15, 2 сәуір 2021

Ойқала, Былғары зауыты аудандары, Заречный кенті. Петропавлдың осы үш ауданын су басу қаупі бар дейді құтқарушылар. Тұрғындардың үйлеріне қызыл су кірмеуі үшін төтенше жағдай басқармасының мамандары қажетті іс-шараларды қолға алды. Облыстық департаменттің қызметкерлері де өз кезегінде техникаларын түгендеп, құрал-саймандарының жарамдылығын тексеріп жатыр.

Су тасқынына әзірлік шаралары күшейді. Қауіпті аймақтарда жұмыс қызған. Солардың бірі Қызылжар ауданындағы Тепличное елді-мекеніне апарар жалғыз жол. Мамандардың айтуынша 700-ден астам тұрғыны бар ауыл су құрсауында қалуы ықтимал. Биыл Қызылжар ауданында қыс бойы жауған қар жылдағы мөлшерден екі есе көп. Су тасқыны болған кезде Тепличное ауылына апарар 2,5 шақырым жолды су шайып кетеді. Табиғи апат зардабын азайту мақсатында құм әкелініп, жұмысшылар жолдың шетін көтеріп жатыр.

ДӘУРЕН РАМАЗАНОВ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ:

- Мың кубометр жер әкелінді, Теплчный селосына. Тағы да ауыр техника жұмыс істеп жатыр. Ар жақта тағы да 100 метр жерді қосамыз деген ойымыз бар. СОсын мына қорғанысты тағы да жоғары көтереміз.

Дәл осындай жұмыстар облыс орталығында да жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 240-қа жуық жерлесіміз тұратын жеке секторларда соның ішінде Ойқала, Заречный кентіндегі тұрғын үйлерге су кірмеуі үшін бөгеттер жасалып, Есіл өзенінің жағасына инертті материалдар төселді. Бұдан бөлек қар шығару, кәріз жүйелерін тазалау секілді жұмыстар жүргізіледі.

ӘЛІБЕК БОРАМБАЕВ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ТОБЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:

- Төтенше жағдай басқармасы Полиция Басқармасымен және волонтерлік ұйымдармен бірлесе отыра тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізІП ЖАТЫР. Халық арасында біз су басу кезінде қандай сақтық және қауіпсіздік ережелерін ұстану қажеттігін түсіндіреміз. Бүгінгі таңда 1500-ге жуық жер үйді аралап шықтық. Сонымен қатар, тұрғындарды уақытша орналастыру орындары да дайындалған.

Су тасқыны зардабын азайтуда құтқарушылардың дайындығы маңызды рөл атқарады. Жедел әрекет ету үшін күштер мен құралдар тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының, Ұлттық ұланның, ТЖ департаментінің қызметкерлері кірді – бұл 500-ден астам адам, 155 техника. Ал жұмысшылар мен техника жетіспеген жағдайда жергілікті атқарушы органдар резервті қосады.

ОРАЛ ӘБДІРАХМАНОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жалпы біздің СҚО ТЖД негізгі 7 топ құрылды. 160 адам жеке құрам, 32 техника көрсетілген. Қолданылатын техника ол жоғары өткізгішті техника, су сорғыларымен, жүзу құрылғыларымен жабдықталған. Егер су тасқыны қиындаған кезде Ұлттық гвардиядан 60 адам және3 техника түрінде көмек бермек.

Сонымен қатар, құтқарушылар 190 тонна жанар-жағар май, 32 мың тоннаға жуық инертті материал және 28 мың дана қап дайындады. Үлкен судың келуіне дайындық әлі де жалғасады.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...