ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

СҚО-ДА ТАБЫН КӨЛІНДЕ БАЛЫҚ ҚЫРЫЛДЫ

20:34, 19 шілде 2022

 Жамбыл ауданындағы Табын көлінде балық қырылды. Балықтың қырылу себебін анықтау үшін Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және ветеринарлық қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.

Экология департаментінің мәліметі бойынша, мамандар көл жағалауын зерттеу барысында ондаған балық өлексесін тапқан. Бүгінде судан және өлі балықтардан сынамалар алынған. Ведомство өкілдері зерттеу аяқталғаннан кейін, балықтардың қырылу себебін жариялауға уәде етті.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар