ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

СҚО-ДА ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

20:36, 1 маусым 2021

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Іс-сапар барысында жергілікті қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесіп,  халық пен билік арасындағы байланысты қамтамасыз етіп отырған ұйымның жұмысымен танысты. Кейін Қызылжар ауданының басшылығымен биыл күзде өткізілетін ауылдық әкімдердің сайлау барысын талқылады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен  құрылып, әуелі консультативті кеңесші орган, кейін жаңа реформа ұсынатын  маңызды  құрылымға айналды. Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин бастаған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері өңірге келіп, жергілікті қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесті. Жиында  елдімекендердің инфроқұрылымын жақсарту,  таза сумен қамту, ішкі және сыртқы көші-қон мәселелерін талқыланды. Қызылжар ауданында делегация ашық әкімдіктің жұмысын көрді.  Биыл күзде ел тарихында алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланған. Ұлттық кеңес мүшелері Қызылжар ауданының ауылдық округ әкімдерімен кездесіп,  науқанға дайындық барысын талқылады. 

ЖАНАТ СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ауданда 69 елдімекен бар. олардың барлығы түрлі сала бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, осындай қолдаудың арқасында дамып келеді.  36 елдімкенде жуырда жолдарды жөндедік.  23 ауылда әлеуметтік нысандарды қалпына келтірдік. Көшелерді жарықтандыру келесі жылы 100 процентке жетеді. 

Интернет мүмкіндігін пайдаланып,  азаматтар мәселелерін ашық айтып, ұсыныстарын жолдап жатады.  Енді тұрғындар  ауыл әкімдерінің сайлауына да қатыса алады.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ, ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ:

Жиында  мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, әлеуметтік нысандарды жөндеу сапасын қадағалау мен солтүстік өңір үшін аса өзекті мәселе - шалғай ауылдардағы мектептердің жабылуы талқыланды. 

РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «ҰЛТТЫҚ АУДАРМА БЮРОСЫ» ҚҚ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ  :

Петерфельд ауылында ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Қызылжар Абай мектебінде болды.  2019 жылдың желтоқсан айында сенімгерлік басқаруға беріліп, құрылтайшы есебінен күрделі жөндеуден өтіп, жаңа бағдарлама бойынша білім беріп жатыр. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Мамлют ауданындағы  оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған ағайынмен жүздесті. Жалпы аталмыш ауданға 2018 жылдан бастап 100 отбасы көшіп келіпті.

БОЛАТБЕК ҚОЙШЫБЕКОВ,, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Жақсы өзімізге ұнайды. Бәрі орнында. Жер кең. Өзім мал шаруашылықта, мал ұстағанды жақсы көремін.  Қазір осында келіп, осында 10 бас мал ұстап жатырмын. Соған енді сәл жер мәселесі болып тұр. Шөп шабу, сенакос дейді ғой. Былай басқа мәселе жоқ.

Ал Қозыбаев университетінде делегация жаңа оқу корпусының құрылысын көріп, оқытушылармен кездесті. Өңірге келген Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері әрқайсысы өз саласы бойынша ұсыныстарын, мәселелерді жоғары тұрған органдарға жолдамақ. Ұлттық кеңес мүшелері өңірлерге жұмыс сапарын жалғастырып, Қарағанды облысына баруды жоспарлаған.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛМАҚ БОЛҒАН ЕР АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:03, 4 тамыз 2021
ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛМАҚ БОЛҒАН ЕР АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА 3 БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 30 шілде 2021
ПЕТРОПАВЛДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА 3 БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...