ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫ БАҚЫЛАУДА

17:17, 14 сәуір 2021

Сергеев су қоймасынан су жарты метрге жақын асып-төгіліп жатыр. 2017 жылы қатты су тасқыны болғанда бұл көрсеткіш 3 метрден асқан еді. Мамандардың болжамынша, биыл көктемгі су тасқынының қарқыны төмен, дегенмен өзен-көлдердің су деңгейін бақылауда ұстап отыр.  Әріптесім толықтырсын..

Қазіргі таңда  су тасқыны қауіпі жоғары Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Уәлиханов аудандарында төтенше жағдай қызметкердерінен құралған арнайы топтар жұмыс істеп жатыр. Олар өзендердің су деңгейін бақылауда ұстап, күнделікті мониторинг жүргізеді. Бүгін дәл осындай топ Темирязев ауданына аттанды.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

 - «Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Уәлиханов аудандарында  құтқарушылардан құралған жасақтар су басу қаупі жоғары елді мекендерде кезекшілік атқарып жатыр. Өткен тәулікте ғана республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың 6 учаскесін су басты, екеуінде бүгінгі күні жағдай тұрақты..»

Бас құтқарушының айтуынша, еріген қар суы 18 ауылды басуы мүмкін, 36 елді мекен шағын өзендердің маңайында орналасқан.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

«Ақмола облысынан келетін Шағалалы, іелеті өзендері Есілге құяды. Сол себепті бұл  өзендерге мониторинг жүргізіледі. Селеті су қоймасында су деңгейінің көтерілуінен су жіберілді.»

Үлкен Тораңғұл  тасыған жағдайда, 15 ауылдың су астында қалу қаупі бар. Алайда әзірге, бір де бір үйге су кірген жоқ.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

«Сергеев су қоймасындағы жағдайды реттеу мүмкін емес. Яғни су төмен ағып, 10 күннен кейін Петропавлға келеді. Қазір бәрі Сергеев су қоймасына жәнеАқмола облысындағы ахуалға тікелей байланысты.»

Әзірге Сергеевка қоймасынан су 54 сантиметрге асып-төгіліп жатыр. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...