ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

17:17, 7 сәуір 2021

Сақтансаң-сақтайды! Көктемгі тасқын судың алдын алу, оның зардабын азайту мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен техникасы қауіпті аймақтарға аттанды. Мамандардың болжамынша  биыл өңірде 79 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Әріптесім Нұрбол Балғабеков сабақтайды.

Сап түзеген мына құтқарушылар су басу қаупі бар Ғ.Мүсірепов, Айыртау, Шал Ақын және Тимирязев аудандарына аттануға дайын тұр. Олар тасқын бола қалған жағдайда елді мекендерде тұрғындарға көмек көрсетеді. Сондай-ақ, алдын-ала өзен-көлдерде мұз кесу, жару сынды жұмыстарды атқарып, су тасқанына мониторинг жүргізеді. Құтқарушылар өтімділігі жоғары арнайы көліктермен жарақтандырылған. 

ЕДІЛ ЗІКІРИН, СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

«Топтастық жалпы құрамы 40 адам.  Айтып өткендай екі ауданға Ғ.Мүсірепов және Айыртау аудандарына. Айыртау ауданында Гусаковка деген ауылда болады. Ғ.Мүсірепов ауданында Рузаевка және Чистополье деген ауылдарда жеке құрам орналасады. 6 мотопомпа бар су сорғыш. 8 техника және 4 қайық бар.»

Толқын  Сыздықов- облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас инженері. Ол жеке құраммен бірге Тимирязев ауданына қарасты Степное ауылына барып, жағдайды бақылауда ұстамақ.

ТОЛҚЫН СЫЗДЫҚОВ, СҚО ТЖД БАС ИНЖЕНЕРІ:

«Біздің жеке құрамда 11 адам бар. Және 2 техника мен су сорғыш құралдармен сайландық. Жігіттер тасқынға тас түйін дайын. Бірнеше рет оқу-жаттығу жұмыстарын жүргіздік. Бәрі ойдағыдай болады деген сенімдеміз.»

Жалпы жылда көктемгі су тасқынына дайындық алдын-ала жүргізіледі. Бұл өз нәтижесін беріп жатыр. 

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...