ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

17:15, 12 сәуір 2021

Облыстағы шағын өзендер еріген қар суымен толығып, таси бастады. Ал Сергеев, Петропавл су қоймалары бүгінде 90 пайызға толған. Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда тасқын сумен күресу мақсатында құтқарушылардан құралған арнайы топтар жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі таңда Ғабит Мүсірепов атындағы және  Айыртау аудандарында тасқын сумен күреске 40-қа жуық қызметкер, сонымен қатар 10 тарта техника жұмылдырылды. Облыстың су қоймалары мамандардың үнемі бақылауында, әр 4 сағат сайын мониторинг жүргізіліп, су деңгейі, мұздың қалыңдығы тексеріледі. Жалпы бүгінгі күні облыс аумағының 80 пайызында әлі күнге қар жатыр. Десек те Ақжар, Уалиханов аудандарында қар мөлшері азайған.

РҮСТЕМ ЖҰМАҒАЛИЕВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Әзірге жағдай тұрақты. Дегенмен алдағы күндері ауа температурасы +15-ке дейін көтерілмек. Яғни қар қарқынды ериді. Бүгінге дейін елдімекендерді су басу дерегі тіркелген жоқ. Бірақ осындан бірер күн бұрын Есіл ауданындағы Горный ауылының маңындағы тас жол мен Шал ақын ауданындағы республикалық маңызы бар тас жолды су шайды. Қазір бұл жерлерде жағдай тұрақтанды.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...