ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ

17:15, 3 наурыз 2021

Облыста көктемгі су тасқынның қаупі жоғары.     Айдың екінші жартысында күн күрт жылынып,  қар тез ериді. Оған қоса қарлы жауын шашын  жағдайды күрделендіреді.   Облыс әкімі су тасқынның алдын алу үшін және салдарын азайту мақсатында  жауапты  мекеме қызметкерлері мен аудан әкімдерінің қатысуымен жиналыс өткізді.

Қазір облыс бойынша қардың қалыңдығы   36 см-ге дейінгі қалыңдықты құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 см-ге көп.  Наурызда ауа райы күрт жылынса, су тасқыны болатыны сөзсіз.    Сергеев су қоймасы  болса,  нормадан  60 процентке дейін артығымен толады деп күтілуде.   Бұл жайында облыс әкімімен өткен жиында Казгидромет филиалының директоры Қымбат Мерғалимова баяндап берді

ҚЫМБАТ МЕРҒАЛИМОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Сергеев су қоймасы қазір 88 процентке толы. Су тасқынның ДЕҢГЕЙІ Есіл өзенінің ағысын мұздан тазартумен тікелей байланысты. Қазір мұздың қалындығы 39 см-ден 90 см-ге дейін жетеді.  Бұл өткен жылдың нормасынан әлдеқайда көп. Наурызда ауа температурасы шамамен 1-2 градус нормадан жоғары болады. Екінші онкүндікте ауа райы 3 градусқа, үшінші онкүндікте  +8- +13 градусты көрсетеді.

Қыс бойы облыстың елді мекендерінен 780 мыңнан астам текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыс облыс орталығында ғана тиісті деңгейде ұйымдастырылды.  Қыс басталғалы Петропавлдан 738 текше метр қар шығарылды.  Аудандар болса қалың  қардың астында. Ең нашар көрсеткіш Айыртау, Шал Ақын, Ғ.Мүсірепов, Есіл, М.Жұмабаев,    Жамбыл, Тимирязев, Ақжар мен Уалиханов аудандарында.   

РАМИЛЬ  КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

- Қар шығару жұмыстары негізінен тек аудан орталықтарында ғана  ұйымдастырылады.  Ауылдық округтарға көңіл мүлдем бөлінбейді.  Төтенше жағдай қызметі су тасқынының қаупі жоғары   6 мың тұрғыны бар 79   елдімекенді белгіледі. 

Облыста су тасқынымен күреске 400-ден астам адам мен 155 техника дайын. Былтыр еріген қар суының салдарын жою үшін қажетті техника өзге өңірлерден жеткізілді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұл тәжірибені биыл да қолданып, ертерек қолға алуды тапсырды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Су басу қаупі аса жоғары участкелер бар. Мысалы , Уалиханов ауданынының кейбір елді мекендері. Мұнда арнайы техника алдын ала дайын тұруы қажет.  Егер ол жақта жағдай қалыпты болса, басқа участкеге ауыстырамыз.  Техника толығымен жетуі тиіс, жетпесе, тапсырыс беріңдер. Тіпті астанадан да сұратып әкелуге болады.

Петропавлда 240 үйге еріген қар суы кіруі мүмкін. 

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Заречный кентіне су кірмес үшін ұзындығы 1200 метр биіктігі 2,5 метр биік жалдар салдық.  Өткен жылдары су басқан үйлерге  осы жолы су кірмеуі тиіс.  Жол бойындағы арықтардың электронды картасын жасадық.  Суы көп жиналатын жерлерін белгілеп назарға алдық.

Облыс әкімі аудан әкімдерімен селектрлік байланысқа шығып, қолға алынған іс-шаралар жайында білді.  Су тасқынының зардабын азайту үшін елді мекендерден қар шығарып, аудан тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Облыс су тасқынынан соңғы бірнеше жыл қатарынан зардап шегіп келеді. Өңір басшысы тиісті органдарға өткен жылдардың жағдайын болдырмай, тұрғындардың денсаулығы мен мүлкін барынша сақтауға тапсырма берді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...