ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

СУҒА КЕТКЕН БАЛЫҚШЫНЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

20:38, 11 мамыр 2021

Былтыр қазан айында  Мамлют ауданындағы Чистое көлінде балықшы суға батып кеткен болатын. Құтқарушылар көлдің бетін мұз басқанға дейін іздеу операциясын үзген жоқ. Бірақ ер адамның денесі  табылмады. Биыл жаз шыға іздестіру шаралары жалғастырылып, нәтижесінде балықшының денесі жағалаудан 25-30 метр жерден табылды.

Оқиға былтыр 31 қазанда болған. Петропавл қаласының 1963 жылғы тұрғыны Мамлют ауданындағы Пчелино ауылының маңындағы Чистое көліне немересімен балық аулауға барады. Өзімен 10 жасар немересін ерте шыққан. Балықшы қайығымен жүзіп, қайтып оралмаған. Жағадағы немересі көмекке шақырып, іздестіру шаралары көл бетіне мұз қатқанша жалғасты.

ҚАЙРАТ САМАЕВ, СҚО ТЖД  ЖЕТЕКШІ-ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

- «Көл бетіндегі мұз кетісімен іздестіруді қайта қолға алдық. Ер адамның денесі тек биыл 6 мамыр күні көл жағасынан 20-30 метрдей жерден табылды. Үстінде құтқару жилеті болмады.»

Облыс аумағында 60 өзен мен 2 мыңнан астам көл бар. Биыл облыстық әкімдіктің қаулысына сай өңірде  тұрғындардың суға шомылуына 58 арнайы жарақтандырылмақ. Оның 7-і коммуналдық меншікте қалған 51-н жеке кәсіпкерлер жалға алған.

МАРАТ МҰРАТОВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

- «Алдын алу шаралы облыс аудандарымен Петропавл қаласында жыл басынан өткізіліп келеді. Өткен демалыс күндері ТЖД қызметкерлері шомылатын және  балық аулайтын су айдындарында  32 рейдтік шара өткізді. Қала тұрғындарымен қонақтарына  шомылу маусымында судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Балаларды ересектердің қарауынсыз өзен көлдерге жібермеуді, тыйым салынған жерлерде шомылмауды, мас күйде суға түспеуді ескертеміз»

Облыста биыл 6 орман өрті тіркелген. Құрғақ шөпті, қоқыс пен қамысты жағудан шақыртулар саны да артқан. Өткен демалыс күні Петропавлдың Чапаев көшесінде жеке тұрғын үй өртенді. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «Кешкі сағат сегізден елу төрт минут кеткенде Чапаев 86 мекенжайында тұрғын үйде өрт шықты деген хабар келіп түсті. Өрт кезінде үй иесінің 12 жастағы қызы құтқарылды. Қызыл жалын 88 шаршы метрге жайылған. Салдарынан үйдің төбесі түгелдей жанып кетті. Өрттің шығу себебі мен келген зиян мөлшері анықталып жатыр».

Жалпы  жыл басынан  облыс аумағында 235 өрт болған. Салдарынан  28 адам көз жұмды.  34 адам түрлі жарақат алған. Материалдық шығын көлемі 97 млн теңгеден асып жығылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН 25 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 18 қазан 2021
ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН 25 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:45, 12 қазан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...