ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРЛІК

17:21, 19 мамыр 2021

Жаздың алғашқы күні суға шомылу маусымы ашылмақ. Алайда кей демалушылар күннің ысуына байланысты өзен-көлдерге суға түсіп жатыр. Төтенше жағдай департаменті мамандарының мәліметінше қазіргі таңда облыс аумағында ғы су қоймаларында демалуға арналған 58 арнайы орын бар. Құтқарушылар облыс тұрғындарын суда қауіпсіздік ережелерін сақтап, кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары оқыс оқиғалардың алдын-алу үшін өзен-көлдерге рейдке шығып жатыр, жағажайларда кезекшілік етеді. Қазіргі демалыс орындарында күнделікті 4-5 маман жұмыс істейді. Алайда, эпидемиологтар әзірге сулардың сапасын тексерген жоқ. Сондықтан шомылуға ерте.  Бүгінгі күні Петропавл қаласында 2 жағажай бар.

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 33 адам қаза тапты, оның ішінде 14 бала да бар. Өткен жылы шомылу маусымы кезінде біздің облыста 9 адам суға кетті, соның біреуі бала. Жалпы осындай жағдайларды болдырмау мақсатында құтқарушылар рейдке шығып, тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады.

Бұдан бөлек ормандарда, алқаптарда өрттің шығу қаупі жоғары екенін де ұмытпаған жөн. Мәселен, жыл басынан 267 өрт тіркелген. Мамандарыдң сөзінше өткен жылмен салыстырғанда бұл әлдеқайда көп.  

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

- Сәуірдің 12-нен  бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында өрт қауіпі жоғары кезең басталды. Осы аралықта шөп, қоқыс, қамыстың жануына байланысты 350-ден астам шақырту түсті. 13 орман өрті тіркелді. Негізгі себептері отты абайсыз пайдалану. 

Мамырдың 18-і Тайынша, Ақжар, Уәлиханов аудандарында  шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні секундына 33 метрге дейін жетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.Бірақ ғимараттар зақымданды.

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тайынша ауданының Чермошнянка ауылдық округ әкімдігі ғимаратының шатырын ұшырып әкетті. Ақжар ауданында да бірнеше мектептің шатыры жұлынды. Әрине, халық біраз уақытқа жарықсыз қалды. Алайда, мамандар мұны тез шешуге тырысты.Қазіргі таңда жағдай тұрақты.

Дауылдан келген шығынды арнайы құрылған комиссия тексеріп жатыр.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:45, 12 қазан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...