29 сәуір сағат түнгі 3.30 шамасында ТЖ қызметінің кезекші пультіне Ақжар ауданының Май ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Ауыл ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 53 шақырым жерде орналасқан. Оқиға орнына аудан орталығының № 8 өрт сөндіру бөлімінің 14 қызметкері мен 4 техника аттанды.
Өрт сөндірушілер келген кезде баспана қызыл жалынға оранып үлгерген екен. Мамандар келгенге дейін жергілікті тұрғындар 1963 жылы туған әйелдің денесін тауып сыртқа шығарған. Өртті сөндіру барысында тағы үш ер адамның денесі табылды. Сонымен қатар өрт сөндірушілер үйден бір газ баллонын алып шықты. Баспана толығымен өртеніп кетті. Өрттің шығу себебі мен материалдық залал көлемі анықталып жатыр.