ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ЖЕЛЯКОВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 8,5 МЛН ТЕҢГЕ ШЫҒЫНҒА ҰШЫРАДЫ

20:43, 4 мамыр 2021

Сәуірдің 2 күні Қызылжар ауданының Желяково ауылында 6 үй мен  2 қора-қопсы  отқа оранған. Тілсіз жау 950 шаршы метрді шарпып, өрттен тұрғындарға 8,5 млн теңге шығын келді.  Жалпы жыл басынан облыста  235 өрт тіркеліп, салдарынан 28 адам мерт болды.  

Желякова ауылында болған өрттен 3 тұрғын үй, 3 бос тұрған үймен 2 қосалқы құрылыс түгелдей күлге айналған. Абырой болғанда тілсіз жаудан адам шығыны болған жоқ. Өрт ауылдың шетіндегі құрғақ шөптерге от қоюдан  шыққан. Қызыл жалын мал мен құсты да жалмады. Тілсіз жаудан  тұрғындар  шамамен 8,5 млн теңге материалдық шығынға ұшырады.

ЛЮБОВЬ ГЛАЗОВСКАЯ, ЖЕЛЯКОВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- «Балам жүгіріп бұзауларды шығарып жіберді. Кейін құжаттарды алып шығу үшін өртеніп жатқан үйге кірді. Мен сасқалақтап, не істерімді білмей тұрып қалдым. Балам терезеден мені кіргізіп алды. Қолыма не ілікті соны алдым. Қайта шыға алмай қалдым.Сол кезде бір жігіт көріп қалып, менімен баламды алып шықты. 5 минутта үй түгелдей жанып кетті.»

Өрт  қызметі мамандарының айтуынша,  бірнеше үйдің отқа орануына ауыл шетіндегі құрғақ шөптің жануы себеп болған.

АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД  ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- «Тергеуге дейінгі іс- шаралар барысында өрттің ауылдың шетіндегі жолдың  маңында шыққанын анықтадық. Тұрғындар бұл маңға тұрмыстық қалдықтар төгеді екен. Қатты желден  қызыл жалын ауылға кірген. Салдарынан алты үй отқа оранған.»

2021 жылдың басынан  облыс аумағында 235 өрт тіркелді. Салдарынан  28 адам көз жұмды.  34 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Материалдық шығын көлемі 97 млн теңгеден асып жығылады.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «23 сәуір мен 3 мамыр аралығында облыс аумағында 29 өрт БОЛДЫ. 12 сәуірден бастап облысымызда өртке қауіпті кезең басталды. Шақыртулар саны артты. Құрғақ шөпті, қамысты, қоқысты жағудың соңы  өртке ұласады. Үйдің маңын қоқыстан тазартқан кезде оны үйдің жанында жақпай, қалдықтарды арнайы қоқыс төгетін жерге апару керек. Желді күні от жағуға тіптен тыйым салынады.»

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша өрттің 75% жеке тұрғын үй секторында болған.

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-ДА ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:36, 1 маусым 2021
СҚО-ДА ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ БА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...