ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА 2 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

13:03, 11 мамыр 2021

Аққайың ауданы Смирнов ауылында мотоблокпен Камаз автокөлігінің соқтығысуынан 1 адам мерт болды. Сондай-ақ, демалыс күндері Петропавл-Нұр-сұлтан тас жолында жеңіл көлікпен «Маз» жүккөлігі соқтығысып, тағы бір азамат оқиға орнында қаза тапты.

10 мамыр күні сағат 18:45-те Аққайың ауданы Смирнов ауылында екі көшенің қиылысында мотоблокты тізгіндеген аудан орталығының тұрғыны Камаз автоклігімен соқтығысқан. Мотоблокта жүгізушіден бөлек, тағы бір жолаушы болған. Өкінішке орай, 51 жастағы жолаушы алған жарақаттардан Аққайың аудандық ауруханасында қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мотоблок жүргізушісінің мас күйде болғаны анықтады.

ЖЕҢІС ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Медициналық сараптамаға сәйкес, мотоблоктың жүргізушісі алкагольдік масаң күйде болған. Камаз жүргізушісі сау.  Аталған факті ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Екінші оқиға да 10 мамыр күні болды. Таңғы 7 шамасында Петропавл – Нұр-сұлтан республикалық маңызы бар тас жолында DAEWOO RAVON автокөлігін басқарған 1975 жылы туған ақмола облысының тұрғыны қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Мамандадың айтуынша, көлік жүргізушісі  жолда ұйықтап кеткен.

ЖЕҢІС ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

1972 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны басқарған Маз автокөлігмен соқтығысты. Апат салдарынан DAEWOO RAVON автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-ДА ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:36, 1 маусым 2021
СҚО-ДА ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ БА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...