ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

20:45, 16 қараша 2021

Жыл басталғалы облыс аумағында 651 өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалын 47 адамның өмірін қиса, тағы 6 адам тұншықтырғыш газбен уланып көз жұмды.  Облыстың құтқарушылары бүгін кезекті рет журналистерді жинап, өңір тұрғындарын жылыту маусымы кезінде оттан сақ болуды сұрады.

Өткен аптада ғана облыс аумағында 23 өрт шығып, нәтижесінде 2 адам оттан көз жұмып, тағы 3 адам тұншықтырғыш газдан уланды.Бір өкініштісі соңғы екеуі бала. Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы басталғалы қайғылы жағдайлардың саны да артқан.  

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТТІ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Жылыту маусымы кезінде шыққан өрттің басты себептерінің бірі: пеш жағудағы қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, екінші орында электр құрылғыларын дұрыс қолданбау, және отты абайсыздан жағу.Үй-үйді аралап, ережелер жазылған буклеттерді таратқанымен, өкінішке орай, бәрі бірдей оларды сақтамайды.

Қызылжар ауданында бүгінге дейін 89 өрт шықты. 5 адам қызыл жалынның құрбаны болды.  Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алды.  Жуырда пештің мұржасын көмір жанып біткенше дейін ерте жабудың салдарынан үш адамның денсаулығына күрделі зақым келді.

АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Қарашаның 13 күні өрт сөндіру бөлімінің пультына Бескөл ауылының 43 жастағы тұрғыны мен екі  кәмелетке толмаған бала тұншықтырғыш газбен уланып, қалалық №3 аурухана жеткізілді деген хабар түседі.  Балалар балалар ауруханасының  жансақтау бөліміне жатқызылды. Үйлерін тексеру барысында пештің мұржасы көмір толық жанып біткенше дейін жабылғаны анықталды.

Облыс орталығынан ең шалғай орналасқан Уалиханов ауданында 2021 жылы 15 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 процентке аз. Жергілікті құтқарушылар әкімдікпен бірлесе, әлеуметтік топқа жататын отбасылардың үйлеріне тұншықтырғыз газды сезіп дабыл беретін құрылғыны орнатып берді.

БАУЫРЖАН РАҚЫМЖАНОВ, УАЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің тапсырысы бойынша адам көп жианалатын сауда үйлерде, көшелердегі жарықдиодты экрандарда  профилактикалық бейнероликтер жүріп жатады.  

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ДЕМАЛЫСТА 25 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:44, 17 қаңтар 2022
ӨТКЕН ДЕМАЛЫСТА 25 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...