ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӨҢІРДЕ 23 ОРМАН ӨРТІ ТІРКЕЛДІ

20:39, 10 маусым 2022

Жыл басынан бері өңірде 23 орман өрті тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7-ге көп. Ал келтірілген материалдық шығын  44 млн теңгеден асты. Өрт сөндірушілердің сөзінше қызыл жалынның орманды шарпуына негізгі себеп «Балалардың тентектігі және отты абайсыз қолдану.

Тек соңғы тәулікте мамандар терек мамығының өртенуіне қатысты 12 рет шақыртуға барған. Бұдан басқа облыс орталығында 8 және өңір аудандарында 4 өрт оқиғасы тіркелді. Соның бірі 9 маусым күні  Заречный кентінің маңындағы терек тоғайы аумағында болды. 101 операторына өрт туралы ақпарат 20:00 шамасында келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минут ішінде жетіп, түн ортасына қарай отты толық сөндірді. Қуанышқа орай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ал өрттің шығуына кінәлілер анықталатын болады.  

ЖАНАТ ХАИРЛИН, ПЕТРОПАВЛ Қ. №2 МӨСБ БАСТЫҒЫ:

Біз кеше барлығын сөндірдікБірінші кезекте өрт сөндіру қызметі жалынның  "Искра" саяжай қоғамына өтуіне жол бермеді.  Оттың жайылуының алдын алғаннан кейін ғана өртті сөндіруге кірістік.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар