ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ

20:45, 12 қазан 2021

Қызылжар ауданында жыл басынан 71 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 68%-і жеке сектордың үлесінде. Соңғы өрт өткен аптада Новоникольское елді мекенінде болды. Жеке тұрғын үйден өрт шығып, 83 жастағы зейнеткер қаза тапты. Сондай-ақ, бүгінде өңір құтқарушылары балық аулау орындарында рейд жұмыстарын күшейтті. Бұл жайында облыстық ТЖД мамандары ұйымдастырған брифингте айтылды.

Биыл Қызылжар ауданында 71 өрт тіркелді. Оның дені Бескөл ауылдық округінде болған. Тілсіз жаудың салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 тұрғын түрлі деңгейдегі жарақат алған. Материалдық шығын мөлшері- 58 миллионнан астам теңгеге жеткен. Соңғы өрт қазанның 6-сы күні Новоникольск ауылында тіркелді.

 АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

«Өрт сөндіру қызметінің пультіне хабар кешкі 6-дан 2 минут кеткенде келіп түсті. Оқиға орнына жеткенде жер үйдің шатыры мен дәлізі жанып жатты. Тілсіз жауды сөндіруге, тұрғындар да көмектесті. Өкінішке қарай, 1938 жылы туған зейнеткерді құтқару мүмкін болмады. Жалын шарпыған жалпы аумақ- 21 шаршы метрді құрады. Пештің мұржасы қызып кетіп, салдарынан шатырдан өрт шыққан.»

Күз мезгілі- балықшылардың сүйікті кезеңі. Сондықтан құтқарушылар балық аулауды жаны сүйетін жандарды барынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

МАРАТ МҰРАТОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

«Балық аулауға шыққан кезде міндетті түрде жақындарыңызға қайда бара жатқандарыңызды ескертіңіздер. Барлық құрал-жабдықтарыңызды тексеріп алыңыздар. Әсіресе қайыққа мінген кезде қауіпсіздік ережесін барынша сақтауға тырысыңыздар. Сақтаңсаң- сақтайды.»

Облыстық ТЖД мамандары балық аулау орындарында рейд жұмыстарын әрі қарай жалғастырмақ.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:45, 16 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 651 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 қараша 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...