ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 641 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

20:41, 9 қараша 2021

Жыл басынан облыста 641 өрт тіркелген. Тілсіз жаудың салдарынан 45 адам қаза тауып, 39-ы түрлі дене жарақатын алған. Келтірілген материалдық шығын 229 миллион теңге. Бұл туралы облыстық ТЖД өткізген баспасөз маслихатында белгілі болды.

Облыста жыл басынан бері өрт саны 10%-ке өскен. Ең көп жағдай - облыс орталығында тіркелген. Аудандарда да қызыл жалын бас көтеруін доғарар емес.

 НҰРЛАН НҰҚЫШЕВ, СҚО ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ» ММ БАСШЫСЫ:

«Облыс аудандарында 456 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға көп. Тек өткен демалыс күндері өңірде 7 өрт болды. Сондай-ақ, желдің көтерілуіне байланысты дала өртінің 32 дерегі тіркелді. Яғни, қураған шөп өртенген.»

Бүгінде өзен-көлдерде мұз қатса да, әлі де берік емес. Сондықтан өңір құтқарушылары тұрғындарға мұз үстінде барынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Себебі, ел аумағында қазан мен қараша айларында балық аулау кезінде 8 адам суға кеткен. Оның біреуі бала.

МАРАТ ӘБЖАНОВ, СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Қазіргі таңда мұздың қалыңдығы 7 см-ден ден аспайды. Дегенмен балықшылар оған қарамай, мұз үстіне шығып, балық аулай бастаған. Бұл- адам өміріне қауіпті. Мұз әлі қата қойған жоқ, қараша айының соңына дейін балық аулауға шықпауға кеңес береміз.»

Облыстық ТЖД мамандары қайғылы жағдайларды болдырмау үшін рейдтерді жалғастырмақ.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ДЕМАЛЫСТА 25 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:44, 17 қаңтар 2022
ӨТКЕН ДЕМАЛЫСТА 25 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...