ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН ӨҢІРДЕ 518 ӨРТ ТІРКЕЛДІ

20:44, 21 қыркүйек 2021

Жыл басынан өңірде өрт саны 12% - ға артты. 9 айдың ішінде тілсіз жаудың салдарынан 37 адам мерт болып, 35-і түрлі жарақат алды.  Осындай статистикалық мәліметтермен БАҚ өкілдерін ТЖД-нің мамандары баспасөз брифингінде таныстырды.

Өңірде жыл басынан 518 өрт тіркелді. Жарақат алғандар көбейіп және келтірілген материалдық шығын 3 есеге артып 188 млн теңгені құрады. Мамандардың сөзінше өрттің 70% - ы тұрғын үй секторында тіркеледі. Бұған басты себеп, электр сымдарының зақымдануы және жылу пештерінің істен шығуы. Елді мекендер арасында Есіл ауданында өрт аз тіркеледі екен.

ЖҰЛДЫЗ ЕСЕНҒАЗИН, ЕСІЛ АУДАНЫ ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Жыл басынан ауданда 17 өрт тіркелді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 15 пайызға төмен. Жалпы келтірілген шығын 6 млн теңгені құрап отыр. Өкінішке орай, тілсіз жаудың салдарынан 1 адам қаза болды. 2 адам түрлі дене жарақатын алды.

Сондай-ақ жиын барысында осы қиын мамандықты таңдап, қызметін атқарып жүріп, мерт болған өрт сөндірушілердің құрметіне Петропавлда жаңа мурал пайда болды.    

ЕРІК МӘЖІТОВ,  АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Ондай ой бізде көптен бьасымызда жүрді. Мінекей іс жүзінде осы жуырда ғана аяқтадық. Осы істің бастамашысы біздің ардагерлер кеңесі.

Жалпы, соңғы 30 жылыдң ішінде Қазақстанның өртке қарсы қызметінің 46 қызметкері  қызметтік борышын орындау кезінде өрттен қаза тапты. Солардың бірі біздің жерлесіміз - 27 жастағы азаматтық қорғау аға сержанты Алтынбек Әбдірахманов. 2015 жылдың 31 желтоқсанында бөлімше командирі жеке үйдегі өртті сөндіру кезінде қаза тапты.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН 25 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 18 қазан 2021
ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН 25 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:45, 12 қазан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 71 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...