ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН ӨРТТЕН 32 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

17:16, 19 шілде 2021

Жыл басынан облыста 367 өрт тіркеліп, 32 адам қайтыс болды, 34-і күйік алды. Материалдық шығын 143 млн теңге. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық ТЖД бастығы Рамиль Камалов айтты. Оның сөзінше, биыл былтырғымен салыстырғанда қаза тапқандар және жарақаттанғандар саны едәуір артқан. Сөз кезегі тілшімізде.

Биыл облыста 367 өрт тіркеліп, салдарынан 32 адам мерт болған. 34 адам жарақаттанды. Материалдық шығын көлемі 143 млн теңгеге жеткен.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

- Былтырғымен салыстырғанда өрттен көз жұмғандар саны 52%, жарақат алғандар 4 есеге өскен. Табиғи өрт саны да артқан. Мысалы жыл басынан қамыс, қоқыс пен құрғақ шөптің өртенуіне байланысты 750 шақырту түскен. Сондай-ақ  34,3 га алқапта 16 орман және 432 га-да дала өрті тіркелді.

Орман өрті әсіресе Жамбыл, Шал ақын, М.Жұмабаев және Қызылжар ауданында көп тіркелген. Өрт қауіпсіздік ережесін бұзудың 6 дерегі тіркеліп, заңға қайшы келген екі азамат анықталды. Бүгінде жағдай бақылауда. Облыс бойынша 233 маманнан құралған мобильді топ құрылып, түрлі рейдтік және профилакатикалық шаралар ұйымдастырылып келеді.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

- Бүгінге дейін 700-ден астам рейдік шара өткізіліп, 96 заң бұзушылық анықталды. 96 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, апаттың алдын алу тақырыптары бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, аудан, ауылдардағы шаруа қожалық басшыларымен және халықпен кездесулер өткізілді.

Айта өту қажет бүгінде облыста өрт қауіпі жоғары 67 елді мекен, 15 сауықтыру лагері мен 41 демалу орыны бар. ТЖД мамандары тұрғындарды барынша абай болып, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН 15 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ
20:44, 28 қазан 2021
ПЕТРОПАВЛДА ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН 15 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...