ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

17:17, 1 маусым 2022

1 маусым – Халықаралақы балаларды қорғау күні. Жаздың алғашқы күнінде облыс орталығында балалар үшін түрлі ойын-сауықтық бағдарламалар ұйымдастырылды. Бұл мерекенің мақсаты – балалардың өмірін, денсаулығын, құқығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске алу.  Петропавл бүлдіршіндері өз мерекелерін қалай қарсы алды? Тілшіміз айтсын.

 ӘЙГЕРІМ ҚҰСАЙЫНОВА, ТІЛШІ:

Бүгін - барша адамзат үшін ең маңызды мереке. Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл - жадыраған жаздың алғашқы күніндегі ең көркем, ең  мейірімді мейрам. Өйткені бұл күн сыңғырлаған сәби күлкісі мен балдырғандардың былдыры арқылы ерекшеленеді. Балалардың мейрамына орай бүгін Петропавл қаласында түрлі көңілді іс-шаралар ұйымдастырылды.

 Іс-шаралардың бірі Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында өтті. Бір апта бұрын 5 пен 15 жас аралығындағы балаларға арналған «Бақытты балалық шақ» тақырыбында сурет салу байқауы жарияланған. Оған 20 балдырған қатысып, бүгінгі шарада жеңімпаздары марапатталды.

 ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бірінші, екінші орындарға браслет, сағат, одан кейін тоғызқұмалақ форма болады.  Талантты бала тақырыбында кішігірім ойын болады, сол ойыннан кім жеңімпаз болады, сол балаларға да жүлделі орындар болады.

 Сондай-ақ, кітапхана алаңында балалар асфальтта сурет салды, оларға аниматорлар түрлі ойындар ойнатып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар тарту етті.

 – Бүгін бізде меерке. Осы іс-шара маған ұнады. Іс-шарада көп балаалр бар. Мен барлықтарын мерекемен құттықтаймын.

- Бүгін маған бұло мереке өте ұнады. Меркеде көп балаалр болды. Біз өте көп ойындар ойнадық және бізге сывйлықтар берді.

 «Түрлі түсті әлем». Дәл осындай атаумен Петропавлдың бас алаңында суреттер байқауы өтіп жатыр. Оған 12 бала қатысты.  Солардың бірі Маргарита Акопян. Ол сурет салумен 3 жыл көлемінде айналысады. Байқауда ол облыстық әкімдік ғимаратының суретін салды.

 МАРГАРИТА АКОПЯН, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Бұл ғимарат ағашпен көмкеріліп, әдемі көрінеді. Айналасы жап-жасыл. Сондай-ақ біздің туымыз да анадайдан менмұндалап, әдемі желбіреп тұр.  

 Балаларды қорғау күнінде облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бүлдіршіндерге өрит сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарының көрмесін, өрт кросфитін ұйымдастырды. Балалар өрт сөндірушілерімен бірге ойындар ойнап, кішігірім сыйлықтарға ие болды.

 МҰСА ЖАҚСЫБАЕВ,  СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жаз мезгілі басталуы қарсаңында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін осындай акция өтіп жатыр. Балаларға арнап ойындар өткізілді. Алаңда өрт техникасы және авариялық құтқару жабдықтары бәрі көрсетілген. Өтіп жатқан акцияның ең басты мақсаты – балаларды өрттің алдын алу іс-шараларын көрсету.

Халықаралық балаларды қорғау күні  1949 жылы қарашада Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы кеңесінің сесссиясында қабылданған.1950 жылдан бастап маусымның 1-і Дүниежүзінде балаларды қорғау күні болып атап өтіледі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл – Балалар жылы деп бекітті. Балаларды қорғау күні тек мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар