ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

10 ҚАҢТАР- ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

13:01, 10 қаңтар 2022

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсіріледі. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилерге, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі.

Бейбіт шерулердің соңы қарулы қақтығыстарға ұласып, адам шығынына әкелді. Еліміздің бірнеше қаласында атыс болып, әлеуметтік маңызы бар нысандарға шабуылдар жасалды.  Президент 5 қаңтардан бастап елде төтенше жағдай режимін жариялап, күштік құрылымдар күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Террористік ұйым өкілдерінің ауыздықтау үшін Қасым Жомарт Тоқаев бірнеше нақты тапсырма берді.  Содан кейін елдегі жағдай тұрақтала бастады. Оның ішінде біздің өңірдегі жағдай да қалыпты. Түрлі нысандар қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Қарулы қақтығыстар мен тонаушылық, бас бұзарлық тіркелген жоқ. Өңір тұрғындары айтаққа еремей сабырлық танытты. Сондықтан қоғамдық тыныштық сақталып қалды.

- Қала мазаланбайсың. Жағдай ушығып кетті ғой. Қарулы қақтығыстарға, оқ атуға  жол берілгені өкінішті. Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Қайғы жамылған отбасыларға мемлекет тарапынан көмек болады деп ойлаймын.

Әрине, қорқынышты болды, үрей болды.  Қазір енді жағдай тұрақталып келеді. Жаңалықтардан бәрін қарап отырмыз. Қаншама адамның өмірі қиылды, отбасылар қара жамылды.  Енді жақсылық болады деген үміттемін. Бұрынғы өмірге қацйтка ораламыз деп ойлаймын.

- Жағдай қиын болды, уайымдадық. Біздің туған жеріміз, өскен еліміз біз одан ешқайда кетпейміз. Әрі қарай даму керекпіз.  

-Жағдай жуықарада тұрақталады деп ойлаймын. Біздің өңірде жағдай ушыққан жоқ. Бәріміз сабрлы болып, шу шығарған жоқпыз. Енді барлығы жақсы болсын деп тілеймін.  

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ  ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:40, 24 мамыр 2022
АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨҢІРДЕ 34 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
20:39, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨҢІРДЕ 34 МЫҢНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...