ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

2022 ЖЫЛ – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ

20:42, 23 мамыр 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдық құттықтауында балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді. Президент өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағын жалпыұлттық міндет деп танып, 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Осы ретте Тайынша ауданы Ясная Поляна ауылында балалардың слёті өтті. Оған ауданның білім беру мекемелерінің оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Ұл-қыздардың мерекесіне арнамыздың түсіру тобы қатысып қайтты.

Тәуелсіз елдің болашағы жастарға аманат. Түр-тұлғасы бөлек, парасат-пайымы ерек жүзден жүйріктер. Абайша айтсақ, нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүректі жас буын. Аталған қасиеттердің барлығы шарада бас қосқан мына ұл-қыздардың бойында бары анық.

Бүгінгі күні Тайынша ауданында 52 мектеп бар. Онда  5 877 оқушы білім алуда. Басым бөлігі түрлі халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде өтіп жүрген мәдени, спорттық сайыстарда биік шыңдардан көрініп жүр. Ясная поляна ауылында өткен балалар слетінде 11 мектеп пен 1 колледждің президенттері мен парламенті бас қосып, түрлі тақырыпта ой қозғады.

ГҮЛНӘР ІГІБАЕВА, ТАЙЫНША АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгінгі слеттің тақырыбы «Жаңа Қазақстан құру жолындағы жастардың рөлі».Сол себепті шарада мектепішілік парламенттер бас қосты. Олар білім беру мекемесінде қандай жұмыс атқарғанын айтып, өздеріне берілген тақырыпты дебат түрінде қорғап шығулары тиіс.

Қатысушылар Отан, бірлік, татулық, экология және өзге де тақырыптарда өз ойларын ортаға салулары қажет. Теңдік орта мектебінің «Әділет» дебат командасы мұндай шараларға жиі қатысады. Тәжірибесі мол құрама пікірталастың арқасында жастар өздерінің ойымен еркін бөлісуге және жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады дейді.

ЖАНСАЯ РАХАТ, «ӘДІЛЕТ» КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

- Біз бүгін дебат қозғалысы жайында ақпараттар алып келдік. Яғни дебат ойынының адам өміріне пайдасы және дебат ойыны арқылы біз қандай жетістіктерге жете аламыз. Сол жайында көрермендерге түсіндірдік.

Ал, Тайынша қаласының № 5-ші орта мектебінің «Шабыт» командасы«Ел болашағы» тақырыбында жиналған қауыммен өз ойларымен бөлісті. Ұл-қыздардың сөзінше болашақ жастарға тікелей байланысты, сол себепті бүгінгі күннің балалары оқу-білімге, өнерге құштар болулары тиіс.

ӘСЕЛ ТАШМАҚАНОВА, «ШАБЫТ» КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

- Қазіргі кезде елімізде балалар мен жасөспірімдерге, жастардың дамуына көп күш жұмсалып жатыр. Және де бұл балаларға берілетін өте керемет мүмкіндік деп ойлаймын. Әртүрлі ән байқаулар, би байқаулары мысалы қазіргі кезде жазушылар,журналистер барлығы бала кезінен басталады.

Балалар слетіне оқушылармен қатар мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері де қатысты.

- Балалар жылы құтты болсын. Ашық аспан және бақыт тілеймін.

- Барлық достарымды мерекемен құттықтаймын. Бақыт, махаббат және денсаулық тілеймін.

- Қазақстанның барлық балаларын біздің мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бәр жақсы болсын.

Шара соңында аудан әкімі Руслан Анбаев ұл-қыздарды Балалар жылымен құттықтап, слетке белсенді қатысқан командаларға алғыс хаттармен бағалы сыйлықтар табыс етті.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...