ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

2022 ЖЫЛ – ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК ЖЫЛЫ

17:22, 24 мамыр 2022

2022 жыл Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясымен «Әлеуметтік серіктестік жылы» деп жарияланды. Осы ретте Петропавлда Атқарушы комитет пен мемлекеттік, банк мекемелері қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Орталық кеңесі мүшелерінің әлеуметтік серіктестерімен және облыстық филиалдың кәсіподақ активімен кездесуі өтті. Әңгіме барысында қандай мәселелер талқыланды? Сюжетке назар аударайық.

Бүгінгі күні облыста кәсіподақ органдары әлеуметтік әріптестіктің жұмыс істейтін жүйесін құру, еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, 3 жыл ішінде өңірде «Қызмет» кәсіподағы мүшелерінің саны 2500-ден 6 мыңға дейін өсті.

ТЕМІРҒАЛИ ӘБІЛМӘЖІНОВ,  «МЕМЛЕКЕТТІК, БАНК МЕКЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ» СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

- Өткен жылы қысқарту болды гос чиновниктердің арасында. 400 адам қысқартуға кетті. Бірақ бізге оларк еліп айтқан жоқ.Бірақ біз агенство госслужбымен бірлесіп бұл азаматтарды жұмысқа орналастырдық.Оларға барынша көмек көрсетуге тырыстық.

Мұнымен қоса, еңбек ұжымдарының қызметкерлері үшін кәсіподақ ұйымы тұрақты негізде заң тұрғысынан қолдау көрсетіп, ардагерлер үшін мерекелік іс-шаралар өткізеді, сондай-ақ сауықтыру кешендеріне жолдама шығынының басым бөлігін өтейді.

МЕЙІРБОЛАТ ЖАҚЫПОВ, «МЕМЛЕКЕТТІК, БАНК МЕКЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ» ҚБ-НІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Ең басты мақсатымыз бұл әлеуметтікеңбек құқықтарды жақату. Біздің мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің. Біздің елде және ТМД елдерінде реформа бірінші болып жасалған. Әлеуметтік соц пакет бар. Жалақыларын көбейтті  ол да кәсіподақтың айтуымен. Басқа да мәселелер бар әлі шешетін.

Шара барысында кәсіподақ ұйымдарының өкілдері облыс әкімінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиевпен саланың проблемалық мәселелерін талқылады. Кездесу соңында кәсіподақ ұйымдарының бірқатар мүшесі облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ салалық кәсіподақтардың төсбелгілерімен және медальдарымен марапатталды.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...