ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

23 МАУСЫМ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІ

17:17, 23 маусым 2022

23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күні. Осыған орай  Н.Погодин атындағы орыс-драма театрында салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында осы салада ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етіп келе жатқан бірқатар маман алғыс хат, құрмет грамоталарын алды. Марапаттарды облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов табыстады.

Сәуле Балпышева - М.Жұмабаев ауданына қарасты Ноғайбай би ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып еңбек етеді. Биыл Сәуле Қалиқызының еңбегі еленіп, мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.  Ол бұл қызметте 20 жылға жуық уақыт істеп келеді екен.

СӘУЛЕ БАЛПЫШЕВА, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ НОҒАЙБАЙ БИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

«Еңбегімді бағалаған үшін алғысымды айтамын. Баршаларыңызды мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын. Зор денсаулық, ашық аспан болсын! Әр отбасыға амандық тілеймін! Жаңа Қазақстан гүлдене берсін!»

Бүгінгі күні облыста мемлекеттік органда 4 мыңнан астам қызметкер сүбелі еңбек етіп келеді. Соңғы жылдары бұл салаға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінген. Жиын барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов облыс әкімінің атынан мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады.

 ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Барлығымыздың ортақ мақсатымыз – азаматтарымыздың әл-әуқатын арттыру. Ел үмітін ақтау. Сол үшін біз бәріміз жинаған тәжірибемізді, білімімізді, адал еңбегімізді іске асыратынына мен толықтай сенемін. Біздің облысымыздың мемлекеттік қызметкерлерін облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың және де өзімнің атымнан шын жүректен біздің кәсіби төл мерекемізбен құттықтауға рұқсат етіңіз.»

 Салтанатты жиын барысында еңбегіне адал, өз саласының үздігі атанған бірқатар қызметкерлер алғыс хат, құрмет грамоталарын алды. Сонымен қатар «үздік мемлекеттік қызметкер» байқауына қатысқан мамандардың ата-аналары да марапатқа ие болды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

 

Нұрбол  Балғабеков

Тақырып бойынша материалдар

БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
20:42, 4 шілде 2022
БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...