ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

260 ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ІЛІНДІ

20:43, 19 қаңтар 2022

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 260 адам рақымшылыққа ілінеді. Соның 89-і  түрмеден босатылса, 171-нің жазасын өтеу мерзімі қысқартылады. Рақымшылыққа ілінгендердің қатарында 27 жастағы Анастасия Попова да бар. Әріптесім Майгүл Сейілбек жазасын өтеушіге қатысты сот отырысына қатысты.

Анастасия Попова Ақмола облысының тумасы. Ол 2020-шы жылдың наурыз айында Степногор қалалық сотының Үкімімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-шы бабы бойынша 2 жыл және 2 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Петропавлдағы ЕС164/6 түзету мекемесінде өтеді. Мұнда болған 6 ай ішінде ол тігінші, шаштараз мамандықтарын игеріп алды. Тәртібі де жақсы болғандықтан Настя ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілінді.

АЛМАС ЖҰМАҒАЗИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

  • 2021-ші жылдың 7-ші желтоқсанында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарсы «Рақымшылық туралы» заңы қабылданды. Осы ретте түзету мекемелерінде жазасын өтеуге 1 жылға жуық уақыт қалған және тәртіптері жақсы сотталғандар рақымшылыққа ілінеді. Анастасия Попованың ісі қайта қаралып, жазаны одан әрі өтеуден босатылсын деген үкім шығарылды.

Енді Анастасия сот отырысынан кейін құжаттарын ретке келтіріп, тиісті рәсімдерден өткен соң Степногор қаласына туған үйіне жол тартады. Келіншектің сөзінше аяғын шалыс басқан оған колония қабырғасында өткен жарты жыл өмірлік сабақ болды. Енді отбасын құрып, ана атанғысы келеді.

АНАСТАСИЯ ПОПОВА:

  • Түрмеде уақыт тоқтап қалғандай. Бірақ соған қарамастан әр сағатымды пайдамен өткізуге тырыстым. Кітап оқып, жаңа іс үйрендім. Енді бұның барлығы болашақта маған қажет болады деп үміттенемін. Бұл жерден шығып, бірден үйге, анама барамын. Ол мені асыға күтіп отыр. Шынымды айтсам түрмеден шыққаныма әлі де сене алар емеспін. Бірақ сонда да қатты қуаныштымын.

Жалпы, рақымшылыққа ардагерлер, кәмелетке толмағандар, егде жастағылар, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдар ілінеді. Облыстан бұл тізімге 260 адам еніп отыр.

РУСТАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

  • Рақымшылыққа ілінген 260 адамның 89-і бостандыққа шығады. Қазіргі таңда 77 істі сот қарады. Соның 64-інде сотталғандар босатылды. Мұнымен қоса, 171 азаматтың жазасын өтеу мерзімі қысқартылады.

Қазіргі таңда ел аумағында 64 түрме мен 16 тергеу изоляторы бар. Онда 34 мыңға жуық азамат жазасын өтеуде. Соның 3 мыңға жуығы рақымшылыққа ілінді.

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...