ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

3 МЫҢ АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

13:01, 27 қазан 2020

Солтүстік Қазақстан облысында - өңірді жедел дамыту, тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру мақсатында 2019 жылдың қазан айында «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы шешім қабылданДЫ.  Қосалқы аймақтардың біріне электр техникалық «Alageum Electric» компаниясы орналасты. Кәсіпорын қандай өнім шығарады және  біздің өңірге берер ПАЙДАСЫ қандай? әріптесім жалғастырсын.

«Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы төрт қосалқы аймаққа бөлінеді.  Бірініші қосалқы аймақтың аумағы 15 га жер. Бұл жерде «Alageum electriс» АҚ трансформатарлар жасайтын зауыт ашпақ. Бұл зауыт жылына 12 мың электр техникалық өнім шығарып, жасалған заттың 90 пайызы экспортқа жөнелтілмек. Осылайша облысқа 7 млрд тг аса инвестиция құйылып, 300 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етпек.

МАҚСАТ ҮСЕНБАЕВ, «ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Арнайы аймақта бізге берілген жеңілдіктер бар. Біріншіден бізге берілген жер, комммуникациялар барлығы мемлекеттен берілген ақшадан берілдеі. //6,54/ бұл ғимаратты салуға мемлекеттен 900 млн тг бөлінді  ол сыртқы жұмыстарға, шатырды. Қалған ішкі коммуникацияларды барлығын өзіміз инвестордың есебінен салынады. Бізден өзіміз бөлген проектке 7,8 млрд. Оның 3,6 технологический оборудование сатып алуға бөлінген.

Болашақ трансформатор зауытында жөндеу және құрылыс жұмыстары 2020 жылдың маусым айында басталды. Жұмыстар бір жылға жоспарланған. Бүгінгі таңда 15 техника, 100-ден аса адам құрылыс жұмыстарына жұмылдырылды.

МАҚСАТ ҮСЕНБАЕВ, «ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Біз келген кезде ғимараттан су ағып, біраз жерлер дұрыс болмай, сайлар болып. Біз оның барлығын қазір битон құйып дұрыстап бүкіл коммуникацияларды жұрыстап әкеп қойдық енді сыртқы жұмыстарын бітірсек, қыста ішкі жұмыстарын істейміз.

Жалпы арнайы экономикалық аймақ аумағында заманауи және экспортқа бағытталған өндірістер пайда болады, онда 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады.  Бірінші кезеңде инвестиция сомасы 160 млрд. теңгені құрайды. «Qyzyljar»  АЭА 25 жыл жұмыс істейді, осы уақыт ішінде 1,5 триллион теңгеге өнім шығару жоспарланған. Бұл-азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын, жиһаз, электроника және машина жасау сияқты қызмет түрлерін қамтымақ.

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:;

- Аэа кірген компанияларға табыс салығы 25 жыл бойы 0 болады, жер салығы0 болады. Сонымен қатар, шикізаттарды шетелдерден кіргізген тауарлар томожниялық салықтан босатылады. Қазіргі уақытта құрылысшылар жалпы 100-150 істеп жатса, болашақта КлААС компаниясында, 100, электр техникалық зауытта 300, больницада 1500 адам істетейтін олады. Шағын компаниялар бар. Жалпы 300мыңға жуық адамда жұмыс болады.

Бірінші қосалқы аймақта электр техникалық зауыт «Alageum Electric» болса, екінші қосалқы аймақта комбайндар мен ауыл шаруашылығы техникаларын өндіретін CLAAS неміс компаниясы, төртінші аймақта көп салалы аурухана салумен айналысатын түрік инвесторы YDA Holding бүгінгі таңда өз жоспарларын іске асыра бастаған. Үшінші, және аумағы бойынша ең үлкен қосалқы аймаққа бүгінгі таңда Ресейлік «фарм копейка» дәріханалар желісі, фармацевтикалық зауытын ашуды көздеп отыр. Сондай-ақ, қағаз шығаратын қазақстандық компания сынды өзге де кәсіпкерлер қызығушылықтарын білдіріп  жатыр.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...