ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

375 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ҮЙІНДІСІ АНЫҚТАЛДЫ

20:44, 13 қазан 2021

Экология департаменті, Петропавл әкімдігі, табиғатты қорғау полициясымен бірге қала маңындағы заңсыз қоқыс үйінділеріне рейд жүргізді. Биыл обылыста 375 заңсыз қоқыс орны анықталды. Оның 86 пайызы жергілікті атқарушы органдардың күшімен жойылды. Рейд барысында 50 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл Жұмысшы кенті маңындағы заңсыз қоқыс үйінділері. Қазіргі уақытта бұл жерді тазартуға «Коммунхоз»  ЖШС 2 техникасы мен  18 жұмысшысы жұмылдырылған. Мұндағы жиналған қоқыс қала полигондарына жеткізіледі. Обылыс орталығында биыл 58 осындай орын анықталды. Оның 46-сы тазаланды.

АЗАМАТ БЕКТАСОВ, СҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- «Заңсыз қоқыс үйінділеріне рейд жүргізілуде. Биыл облысымызда 375 осында орын анықталған. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың күшімен 86 пайызы жойылды. Жұмысшы кентінде заңсыз қоқыс үйінділерді жою жұмыстары жүргізілуде. Департамент ұжымы және жергілікті атқарушы орган қала әкімдігі табиғатты қорғау полициясымен өтикізіліп жатыр.»

Облыста 456 қоқыс үйіндісі бар. Оның ішінде тек 16 ғана қажетті құжаттары рәсімделген. Петропавлда 2 тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. «Қызылжар тазалық» және «Дорожник» ЖШС. Қала ішіндегі және маңындағы тұрмыстық қоқыс осы полигондарға жеткізіледі.

ӘЛІШЕР ЖАРМАҒАМБЕТОВ,, СҚО ПД ЖПБ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- «Заңсыз полигондардың көбеюіне байланысты. Мүдделі органдармен мобильді топтар құрылып облыс аумағында рейдтік шаралар өткізілуде. Рейдтік шаралар өткізу барысында шамамен 50 жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар ҚР Әкімшілік Құқықбұзушылық Кодексінің 5 бабы бойынша және 34 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Санкциясы 5 АЕК»

Биыл заңсыз қоқыс үйінділері бар жерлергерге 8  рейд жүргізілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...