ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

8 МЫҢНАН АСТАМ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ АҚТАЛДЫ

20:40, 25 қараша 2021

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде  облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау  жөніндегі мемлекеттік комиссияның атқарған жұмысының қорытындысы талқыланды. Конференция онлайн форматта өтті. Жиынға Ақмола облысы бойнша және Нұр -сұлтан қаласынан саяси қуғын -сүргін құрбандарын ақтау бойынша  жұмыс тобы мүшелері және бірқатар ғалым қатысты.   

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Негізгі мақсат-Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарын заңды және саяси тұрғыдан толық ақтау.  Әр  жылдары облыста 8 мыңнан астам боздақ анықталып, ақталды. Оның ішінде 2324 – не ең жоғары жаза  – ату жазасы қолданылған екен.  Олардың қатарында белгілі ақын-жазушылар, Қазақстанның ұлттық зиялы қауым өкілдері: Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов , Қошке Кемеңгеров, Жұмағали Тілеулин және т.б. бар.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- «Біздің облыста қуғын-сүргінге ұшырағандардың санаттары бойынша адамдардың есімдерін анықтау бойынша 8 бағыттан тұратын жұмыс тобы құрылды. Бұл көтерілістерге қатысушылар, саяси себептер бойынша заңсыз қуғын-сүргінге ұшырағандар, Кеңес билігіне қарсы шыққандар, алаш Орда және түрлі саяси партиялар мен қозғалыстар қайраткерлері, сондай-ақ елден тыс жерлерге қашуға мәжбүр болғандар. Біз Жыл бойы осы комиссияның атқарған жұмыстарын қорытындылайтын боламыз.»

Облыстық архивте саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар жайында көптеген материал жинақталған. Мамандардың айтуынша, әлі ақталмаған  11 мыңға жуық адамның  тегі анықталды.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- «...Сондай-ақ, бүгін жиынға аудандық филиалдардың өкілдері де қатысуда. Олар үлкен жұмыс атқарды. Жазда біз аудандарды аралап маңызды  құжаттар таптық. Ірі байлар мен кулактардың мал мүлкі тәркіленген жерлерді анықтадық.  Тимирязов ауданындағы Байқала ауылы . М. Жұмабаев ауданындағы Александровка селосы.  Бұл жерде кулактарға арналған концлагер болған. Біз бұл жұмыстарды одан әрі жалғастырудамыз. Қала аумағында да жаппай жерленген жерлерді анықтап жатырмыз. Жаппай жерленгендердің картасын жасайтын боламыз. »

Сондай-ақ, бұл күні өңірдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша түрлі материалдар ұсынылған көрме өтті.

 

Тақырып бойынша материалдар

АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ
20:44, 24 қаңтар 2022
АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ
Толығырақ...
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
17:21, 24 қаңтар 2022
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...